Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрметті аудан тұрғындары, жерлестер!

Халықтың бірлігі, Қазақстанның тәуелсіздігі мен егеменді дамуы идеясына деген шынайы сенімі – еліміздің дамуы мен қоғам болып ұйысуының мықты іргетасы. Біз барлық қиындықты бірлесе еңсереміз. Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз" – деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы және еліміздің елдігі сыналған сәтте елін қорғаған азаматтарымыздың қазасы қабырғамызды қайыстырды. Олардың туған-туыстары мен ата-аналарына шын көңілден қайғыра көңіл айтамыз.

Ел басына күн туған сәтте Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың елдегі жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылдаған шешімдерінің арқасында көптеген қиыншылықтар артта қалды. Құқық қорғау, әскери қызметкерлеріміз жаппай тәртіпсіздікке жол бермеу, террористік шабуылға, басқыншылықтың жолын кесуде жанқиярлық танытты. Жағдайдың кенеттен шиеленіскенін түсінген Ақсу ауданының тұрғындары барлық іске түсіністікпен қарады. Аудан аумағына қойылған блокпосттарға ауылдардан жасақталған азаматтар кезекшілік ұйымдастырды. Аудандық "Nur otan" партиясының депутаты, мәслихат хатшысы Б.Сүлейменов ретінде осы ұйымдастыру шараларының басы қасында аудан әкімдігімен бірге болдым.

Міне, осындай қиын сәтте бір шаңырақтың астына бірігіп, бірлігіміз бен ынтымақтастығымызды танытқан аудан тұрғындарына өзімнің ризашылығымды білдіремін.

Құрметті жерлестер! Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың қасына топтасып, қолдау көрсетіп, күшіміз бірлікте екендігін дәлелдейік! БІЗДІҢ КҮШІМІЗ - БІРЛІКТЕ!

0
0
209

Осы тақырып бойынша

Құрметті аудан тұрғындары, жерлестер! - Yvision.kz