ЮНЕСКО бас директоры С.Сәпиевке ізгі ниет елшісі мандатын табыстайды
ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокова Орта Азияға ресми сапары аясында ертең, елордада Серік Сәпиевке «Спорт бойынша ЮНЕСКО-ның ізгі ниет елшісі» құрметті атағын табыс етеді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ЮНЕСКО жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігінің кеңесші-елшісі Сатыбалды Бұршақов мәлім етті. «Ирина Бокова Астанаға ертең, 23 тамыз күні Мәдениеттердің жақындасуының халықаралық онжылдығына байланысты ұлықтаудың Халықаралық форумына қатысады. Аталған іс-шара аясында ол бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке Спорт бойынша ЮНЕСКО-ның ізгі ниет елшісі мандатын табыстайды», — деді ол. Арнайы диплом мен құрметті атақ қазақ боксшысына дәстүр бойынша БҰҰ-ның Париждегі штаб-пәтерінде табыс етілуі тиіс еді. Дегенмен Серік өз дипломын 23 тамыз күні Астанада өтетін 2013-2022 жылдардағы мәде…
