«Жастар ауылға!» — жастарға жаңa мүмкіндіктер ашқан жоба!
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Елімізде әрбір ізденген адам табуына болатын жұмыс бар. Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануы тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек!» деген болатын. "Жас Отан" Жастар қанатының жұмысын жетілдіру бүгінгі күні өте қажет. Бұл ұйымда сіздер өмір сүруге, сөйлесе білуге, бір-біріңмен араласуға үйренесіздер. Іс жүзінде өздеріңізді түрлі жағдайлардағы өмірге дайындайсыздар. Сондықтан жастар ұйымдарындағы белсенді жұмыс сіздердің өмірлеріңізде пайдаға асады. Міне, Ұлт Көшбасшысының Жолдауда көрсеткен көрег…