«Рәміздерім – мақтанышым»
Рәміздерді насихаттаудағы мақсат – әрбір жас буын жеткіншектің Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. http://el.kz/26617
Рәміздерді насихаттаудағы мақсат – әрбір жас буын жеткіншектің Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. http://el.kz/26617
Кеше Венгрияның Будапешт қаласында аяқталған әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қола медальдарды жеңіп алды, хабарлайды Sports.kz.
Жүлделерді грек-рим күресіндегі балуан Нұрмахан Тінәлиев (120 келі) және әйелдер арасында Екатерина Ларионова (63 келі) жеңіп алды.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан Иранды жеңіп (4-1-2), 21 орынды (0-0-2) иеленді, одан кейін Ресей (3-4-4) және Жапония (3-0-1) келе жатыр.
АСТАНА. ҚазАқпарат
Қазақстанның Ұлттық паралимпиадалық құрамасы IWAS-2013 Бүкіләлемдік ойындарында 26 медаль жеңіп алды.
Жарыстар Голандияның Стадсканаал қаласында қыркүйектің 14-і мен 22 аралығында болып өтті.
Өткен жарыстардың қорытындысы бойынша «алтын» алғандар: Михаил Еременко (жүзу: 50 м., еркін стиль; 50 м, батерфляй), Равиль Мансұрбаев (диск лақтыру, ядро лақтыру), Руслан Өтебалиев (жүзу, 100 м., арқамен жүзу), Владимир Эрман (жүзу, 100 м., еркін стиль), Оксана Митякова (жүзу, 50 м., баттерфляй), Зүлфия Ғабидуллина (жүзу: еркін стиль, 50 м. және 200 м.; 150 м., кешенді жүзу; 100 м., еркін стиль, 50 м брасс);
«Күміс» алғандар Зүлфия Ғабидуллина (50 м., арқамен жүзу), Алина Михайлова (жүзу: 50 м., еркін стиль; 100 м., еркін стиль ), Руслан Өтебалиев (жүзу, 50 м., еркін стиль), Дмитрий Ли (жүзу, 100 м., еркін стиль), Михаил Еременко (жүзу, 100 м., арқамен жүзу), Тыщенко Ирина (ядро лақтыру).
«Қола» алғандар Павел Сидорчук (ядро лақтыру), Эллина Байделдінова (жүзу, 50 м., еркін стиль), Владимир Эрман (жүзу, 50 м., еркін стиль), Аманат Қалқаев (ұзындыққа секіру), Павел Сидорчук (диск лақтыру), Алина Михайлова (жүзу, 100 м., еркін стиль).
Қазақстанда паралимпиадалық спорт тарихында мұндай рекордтық медаль санына бірінші рет қол жеткізіліп отыр.
Лондондағы IV Паралимпиадалық ойындарға қатысушы Зүлфия Ғабидуллина әлемдік рейтинг бойынша ең мықты жүзушілердің сегіздігіне кіреді және мұнда еркін стиль бойынша 50 м жүзуде төртінші орынға ие, 150 м кешенді жүзуде — 5-орында, 100 м еркін стиль бойынша — 5-орында, 50 м арқамен жүзуде 7-орында тұр.
Жарыстарға 35 елден барлығы 500-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстаннан спорттың үш түрі бойынша (1 — садақ ату, 6 — жеңіл атлетика, 9 — жүзу) 16 спортшы қатысты.
Қазақстан командасы ҚР Паралимпиадалық комитетінің ұйымдастырушылық қолдауымен қатысуда, демеуші «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ болып табылады.
IWAS Бүкіләлемдік ойындары әр екі жыл сайын өткізіліп тұрады. Өткен ойындар 2009 жылы Бангалор (Үндістан), ал 2011 жылы Шардже (ОАЭ) қалаларында өткендігін естеріңізге саламыз.
АСТАНА. ҚазАқпарат
Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиадалық комитетінің Президенті Қалетаев Дархан Аманұлының бұйрығымен Жұмабаев Айдар Әбілмәжінұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиадалық комитетінің вице-президенті болып тағайындалды
Білімі жоғары, М.Горький атындағы Мәскеу әдебиет институтын аяқтаған.
2003 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың қаңтарына дейін Айдар Жұмабаев «Мир» МТРК Қазақстан орталық ұлттық филиалының директоры қызметін атқарды.
Қазақ мемлекеттік телевидениясының әдеби-драматургиялық бағдарламалар Бас редакциясында еңбек етті, Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика кафедрасының оқытушысы, тәуелсіз «Таң» телекомпаниясының Бас редакторы, республикалық «НТК» телекомпаниясының Президенті, Халықаралық журналистика орталығының президенті болып қызмет етті, сонымен қатар, Қазақстан телерадиохабарлар таратушылар қауымдастығын басқарды.
Жерде телерадиохабар таратудың құқығын иелену конкурсын өткізу бойынша үкіметтік комиссияның мүшесі әрі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы БАҚ жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі болып табылады.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
АСТАНА. ҚазАқпарат
Ресей Федерациясына Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысуға келген ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Сочиде саммит басталар алдында бірқатар олимпиадалық спорт нысандарында болды.
Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.
С.Ахметов «Үлкен» мұз айдыны сарайын, «Адлер-Арена» жабық коньки тебу орталығын және «Айсберг» мұз айдыны спорт сарайын аралап көрді.
Премьер-Министр спорт құрылыстарының сапасын және жобалардың ауқымын жоғары бағалады.
«Біз Сочидің Олимпиадаға даярлығының ауқымынан зор әсер алдық. Ойындар жоғары деңгейде өтетініне күмән жоқ. Қысқы Олимпиадалық ойындарды өткізуде табыстар тілеймін» — деді ҚР Премьер-Министрі.
Еске сала кетейік, ХХІІ қысқы Олимпиадалық ойындар Сочиде 2014 жылғы 7-23 ақпан аралығында өтеді.
АСТАНА. ҚазАқпарат
Жас футболшыларға жұмсалған инвестициялар әлемдік деңгейде мемлекет намысын қорғайтын елдің құрама командасын қалыптастыруда талантты ойыншыларды дайындауға көмектеседі.
Бұл туралы Қазақстан футболының 100 жылдығына орай Семей қаласында әлемнің футбол жұлдыздарының қатысумен өткен баспасөз мәжілісінде танымал неміс жаттықтырушысы Хорст Хрубиш айтты.
«Германияда футболды дамыту саясатында жас ойыншылардың тәрбиесіне баса назар аударылады. Олардың жақсы нәтижесін көргесін де бұл саладағы жұмысты одан әрі жандандыра түсуге ынталымыз», — деп атап өтті неміс футболының тарихындағы үздік шабуылшылардың бірі Х.Хрубиш.
Ол сонымен қатар, Германия мен Қазақстан футбол федерацияларының арасында бекітілген меморандумның маңыздылығы мен осы ынтымақтастықтың мақсатты түрде дамитынына сенім білдірді.
УЕФА Еуропа жаттықтырушыларының үйлестіру кеңесінің мүшесі Хорст Хрубиш Германия футбол федерациясының атынан семейліктерді Қазақстан фуболының 100 жылдық мерекесіне шақырғаны үшін алғыс айтып, республиканың футбол клубтарына жоғары деңгейдегі турнирлер мен чемпионаттарда жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектестік білдірді.
«Жұлдызды баспасөз мәжілісіне» футбол ардагерлері Андрей Биба («Динамо», Киев), Владимир Букиевский («Спартак», Мәскеу), Евгений Круглов («Рубин», Казань), Юсуф Мусаев, Владимир Орешин («Алға», Бішкек), Гиви Нодия («Динамо», Тбилиси), Сағат Құдайбергенов («Қайрат», Алматы) және Қазақстанның қоғам қайреткері Мұрат Әуезов қатысты.
Ұрпақ тәрбиесі – ел алдындағы маңызы зор міндет. http://el.kz/26616
Кино – кез келген мемлекеттің мәдениет айнасы іспетті. Толығырақ: http://el.kz/26615
«Шебер маманнан шебер шәкірт шығады» атты мақаланы оқу үшін, мына сілтемені басыңыз: http://el.kz/26600
Еркін стильдегі қыздар күресінде біздің құрама 4 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлде жеңіп алды. http://el.kz/26590