Мазмұнға өту

Жаңа

Әйгерім Ошақбай бокстан Әлем чемпионатының 1/8 финалында қарсыласын нокаутпен ұтты

Әйгерім Ошақбай
Болгарияның Албена қаласында әйелдер боксынан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Әлем чемпионатында кеше қазақстандық Әйгерім Ошақбай (52 кг) 1/8 финалда беларусь Карина Максимованы 1-раундта нокаутпен ұтты.
 

Ал Асыл Асқарова (48 кг), итальяндық Ванесса Ферликті, Ангелина Лукас (50 кг) грекиялық Фотеини Плеаны, Алтын Мұқышбекова (75 кг) түркиялық Аслихан Сивриді, Екатерина Анисимова (60 кг) өзбекстандық Мафтунахон Мелиеваны 3:0 есебімен, ал Ақмарал Шәмшидинова украиналық Анастасия Космиракты 2:1есебімен ұтты. Жастар арасындағы сында Алуа Балқыбекова (48 кг) моңғолиялық Жаргалан Оширбатты, Ақтолқын Кеңесбекова (57 кг) АІВА ұсынған Неелам Сайниді, Мәдина Нұршаева (64 кг) әзірбайжандық Мариам Жабрайылованы, Валентина Халзова (75 кг) германиялық Ендале Маки Оливианы 3:0 есебімен тізе бүктірді.

АЛМАТЫ.  ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
0
0
317

Бокстан әлем чемпионаты: 10 боксшымыз — жартылай финалда


Бокстан Болгарияның Албена қаласында өтіп жатқан жастар мен жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионатында он боксшымыз жартылай шықты.
44 келіде Назерке Жүрғараева үндістандық Лаино Данладан басым түсіп, жартылай финалдық кезеңге шықты.

48 келіде Асыл Асқарова болгар Осман Хафизені жеңіп, ширек финалдан өтті. 52 келіде Айгерім Ошақбай ресейлік Умеда Саидованың мысын басып, жартылай финалға жолдама алды. 54 келіде Балауса Мұздыман румын Косма Кристинаның жолын кесіп, жартылай финал мәселесін шешті. 57 келіде Назым Ишванова да жартылай финалда. Ол алжирлік Ноур Вахмедтен басым болды. 60 келіде Екатерина Анисимова болгар Войка Вашованың үмітін үзді. 63 келіде Аида Әбікева румын Парашива Паскуды нокаутқа түсірді. 66 келіде Любовь Хасиева түрік Гизем Айдамирді жеңді. Ол да — жартылай финалда. 70 келіде Баян Ақбаева украин Анна Бойкадан басым түссе, 75 келіде Алтын Мұқышбекова түрік Аслихан Сивриді таза ұтып, жартылай финалға шықты. Үш төреші де жеңісті біздің боксшыға берді. Ал 80 келіде Ақмарал Шамшиденова ширек финалда украиналық Анастасия Космиракты сүріндірді, деп хабарлайды «Аламан».

 
0
0
417

Семейде футболға қатысты сирек жәдігерлер көрмесі ашылды


Семей қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрме залына футболдың 100 жылдығына арналған көрме ашылды.

«Бұл көрменің пайда болуына бізге футбол ардагерлері, олардың туыстары, осы ғажайып ойынның жанкүйерлері көп септігін тигізді. Біз 700-ден астам құнды жәдігер мен 100-ден астам фотосуреттер алдық. Олардың арасынан ең құндыларын, қызықтыларын таңдап алу оңай болған жоқ» — деді мұражай қызметкері Тақтаған Сердалина.

Мұражай қызметкерінің сөзіне қарғанда, оларға қазақстандық футбол тарихшысы Станислав Сарсеков өлшенбес көмек көрсеткен. Бір ай бойы тарихшы мұражайшылармен бірге келіп түскен жәдігерлерді сараптап, оларды безендіру жұмыстарына қатысыпты. Сонымен қатар С.Сарсеков марка жинаумен айналысатындықтан, осы көрмеге өзінің футбол тақырыбына жинаған маркаларының жиынтығын ұсыныпты. Көрмеде футболдан балалар-жасөспірімдер мектебінің тұңғыш директоры Борис Расщупкиннің өзі көзі тірісінде жинаған фотоальбом ерекше орын алады. Оны қызы Наталья Борисовна әкеліп тапсырыпты. Сондай-ақ «Цементник» командасының атақты ойыншысы Анатолий Акуловқа арналған қабырға бар. Онда жерлесіміздің 1963 жылы марапат ретінде алған сағаттары мен ойын алаңына киіп шыққан бутсылары қойылған.

Көрмеге келушілер сонымен қатар футболдан Қазақстан құрамасының белгілі ойыншысы Самат Смаков атындағы балалар-жасөспірімдер футбол мектебінің тәрбиеленушілерінің суреттерін көре алады. Осы жерде Саматтың футбол майкасы, Қазақстан құрамасының ойыншылары, «Спартак» пен «Елім-ай» командаларының атақты мүшелері — Серғазы Рымбаев, Григорий Орлов, Андрей Карпович, Сергей Бойченко сияқты футболшылардың заттары назарға ұсынылды. Футбол табынушысы Мирхан Тахметовтың значоктар мен магниткалар жиынтығы да көпшіліктің қызығушылығын тудырары сөзсіз.

Тақтаған Сердалина көрменің 1-қарашаға дейін созылатынын айтады. Одан кейін коллекциялар жиынтығын немесе өзіне қымбат көрінетін заттарды иелері алып кетулері мүмкін. Ал қалған жәдігерлерді мұражай қызметкерлері көздерінің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа аманат ретінде жеткізетін болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

   
0
0
547

«Барыстың» бірінші тобы ҚХЛ тарихындағы ең нәтижелі топ деп танылды


Брэндон Боченски

Астана «Барысының» хоккейшілері Найджел Доус, Дастин Бойд пен Брэндон Боченски 25 қыркүйектегі жағдай бойынша Құрлықтық хоккей лигасы чемпионаты тарихында ең нәтижелі топ деп танылды, деп хабарлады  Vesti.kz.

Қазақстан командасының бірінші тобының есебінде соғылған 14 шайбалық доп бар. Осыған дейінгі жетістік өткен кезеңде жаңарған болатын, онда Челябинскінің «Трактор» командасы (Станислав Чистов — Ян булис — Евгений Кузенцов) осыған дейін екі рет қайталанған 10 шайба соғу жетістігін қайталады.

Атап өту керек, соңғы 13 жылда чемпионатты осылай ешбір үштік бастаған емес. Осыған дейінгі үздік нәтиже 11 шайба болатын. Оны 2006/2007 жылғы кезеңде Қазанның «Ақ барысы» орындаған болатын.

ҚХЛ чемпионатының ең нәтижелі тобы — Нижегородскийдің «Торпедосы». Олар 2010/2011 жылғы кезеңде 58 шайба соққан. Ал 13 жылда Қазанның «Ақ Барысы» үздік топ атанды, 2006/2007 жылғы кезеңде олар 60 шайба соқты.

Еске салып өтсек, «Барыс» соғылған шайбалар бойынша бірнеше рекорд орнатқан, олардың саны жеті ойыннан кейін қырыққа жетті.

 
0
0
286

ҚР Кубогы. «Ертіс» өз алаңында «Шахтерды» жеңді

Футболдан ел кубогының жартылай финалының алғашқы кездесулері аяқталды. «Шахтер» сырт алаңда керекулік «Ертіске» соңғы минутта есе жіберіп алса, Арно Пайперс шәкірттері өз алаңында «Ақтөбемен» тең тарқасты.

«Тараз» — «Ақтөбе»


Қос ұжым арасындағы кездесу аса тартысты өтті. Алайда командалар бір-бірінің осал тұстарын таба алмады. Қауіпті шабуылдар көп болғанымен, қақпашылар Рамиль Нұрмұхаметов пен Андрей Сидельников өз шеберліктерін танытып, қақпаларына доп өткізбеді.

Кездесудегі статистика:

Доп ұстау басымдығы: 39% — 61%
Қақпаға соққы: 20 — 9
Қақпаға дәл соққы: 7 — 4
Ереже бұзу: 15 — 10
Офсайдтар: 1 — 3
Бұрыштама: 9 — 2
Сары қағаз: 3 — 3
Ойыншы алмасу: 2 — 3.

«Тараз» — «Ақтөбе» 0:0 (0:0).
Сары қағаз алғандар: Харабара 40, Диакате 64,  Евстигнеев 69, Мулдаров 76, Шабаев 87, Хайруллин 88, Бадло 94.
«Тараз»: Рамиль Нұрмұхаметов, Дмитрий Евстигнеев, Александр Кучма, Ерсін Мехмедович, Андрей Шабаев, Шерхан Бауыржан, Абдуллай Диакате, Константин Заречный 78 (Жақып Қожамберді), Николай Нестеренко, Тити Эссомба 67 (Эдуард Сергиенко), Мирослав Лечич 86 (Одита).
«Ақтөбе»: Андрей Сидельников, Роберт Арзуманян, Петр Бадло, Юрий Логвиненко, Алексей Сулдаров, Евгений Дяденко 84 (Абат Айымбетов), Тимур Кападзе, Асхат Тағыберген 93 (Алдан Балтаев), Марат Хайруллин, Андрей Харабара, Сергей Давыдов 78 (Санат Шалкенов).

 

Талғат Байсуфинов командасы соңғы кездесулерінде сәтті ойындарымен жанкүйерлерін қуантып келеді. Бүгінгі кездесуге де тас-түйін шыққан алаң иелері «кеншілер» командасынан жеңісті соңғы минутта жұлып алды. Владимир Никитенко шәкірттерінің қақпасында допты тулатқан - Павел Шабалин.

«Ертіс» (Павлодар) – «Шахтер» (Қарағанды) 1:0 (0:0).
Гол: Павел Шабалин 90+2 (1:0).
Сары қағаз алғандар: Шомко 44, Казарян 44, Сүйімбаев 49.

«Ертіс» (Павлодар): Никита Калмыков, Мамуту Кулибали, Штепан Кучер, Ғафуржан Сүйімбаев, Дмитрий Шомко 89 (Павел Шабалин), Предраг Говедарица, Дмитрий Иванов, Игорь Чучман, Қуаныш Бегалин, Сергей Струков, Игорь Юрин.
«Шахтер» (Қарағанды): Александр Мокин, Алдин Дждич, Сергей Малый, Александр Симчевич, Евгений Тарасов, Мақсат Байжанов, Гедиминас Вичюс 51 (Игорь Зенькович), Геворг Казарян, Роджер Каньяс, Роман Муртазаев, Андрей Финонченко.

Жартылай финалдың қарымта кездесулері 30 қазан күні өтеді. Қос жұп арасындағы финалға жолдама алғандарды сол күні анықтайтын боламыз.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

 
0
0
471

Қазақстандық әскери делегация «Ресей қарау-жарақ көрмесі. Нижний Тагил-2013» қару-жарақ пен әскери техниканың халықаралық көрмесіне қатысуда

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов бастаған қазақстандық әскери делегация «Ресей қару-жарақ көрмесі. Нижний Тагил-2013» ІХ Қару-жарақ пен әскери техниканың халықаралық көрмесіне қатысты. Қазақстандық делегацияның құрамында ҚР Қорғаныс министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің, «Қазақстан Инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ және «Қазарнаулыэкспорт» РМК өкілдері бар.
Қазақстанның әскери делегациясы Ресей қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің 150-ден астам ұйымы мен басқа елдердің 20-дан астам кәсіпорындары ұсынатын қару-жарақ пен әскери техниканың қазіргі заманғы түрлерімен танысады. Көрмеге қатысу қазақстандық армияны қазіргі заманғы қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандыру жөніндегі міндетті шешуге жағдай жасайтын болады.

Сапар шеңберінде генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер әскери техникалық ынтымақтастыққа жетекшілік ететін министрліктері мен ведомстволары басшыларының жиналысына  қатысты. Жиналыста ҰҚШҰ форматында әскери-экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері қаралды.
26 қыркүйекте ҰҚШҰ Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы жанындағы Іскерлік кеңестің отырысына «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ өкілдері қатысады. Отырыста ҰҚШҰ шеңберінде мемлекетаралық интеграцияланған құрылымдарды  (бірлескен кәсіпорындарды) құру туралы мәселе қаралатын болады.
Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссия 2005 жылы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімімен ұйым форматында көпжақты ынтымақтастықты тереңдету және жетілдіру, интеграцияны дамыту мен әскери-экономикалық және әскери-техникалық салалардағы мәселелерді кешенді түрде шешу мақсатында құрылған.
«Ресей қарау-жарақ көрмесі. Нижний Тагил-2013» 2013 жылғы 25-28 қыркүйек аралығында өтеді. Халықаралық көрмеге әлемнің 40-қа жуық мемлекетінің өкілдері келеді деп күтілуде.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
0
0
296