Ұлттық патриотизм және жастар
Ұлтжанды жас болып қалыптасу үшін не керек? http://el.kz/28673
Ұлтжанды жас болып қалыптасу үшін не керек? http://el.kz/28673
Патриоттық ұғымды қазіргі уақытта қалай ұғынасыз? Сіз өзіңізді патриотпын деп айта аласыз ба? http://el.kz/28672
Ағылшын тілі жаһан бойынша 45 мемлекеттің ресми - мемлекеттік тілі, ал 24 мемлекеттің халқы «ағылшын тілін» өз ана тілі ретінде жариялаған. Толығырақ http://el.kz/28671
С 21 по 25 октября НАО «Холдинг «Кәсіпқор» провел встречи с зарубежными партнерами, целью которых являлось обсуждение вопросов по дальнейшему совместному сотрудничеству. Участниками деловых встреч стали: представители TAFE Directors Australia Inc.(Австралия), Pearson Education Ltd. (Великобритания), ФНБ «Самрук-Казына», Polygon International, ТОО «Astana Best Travel», ОЮЛ «Казахстанская Ассоциация IT – компаний», АО «Белкамит», ТОО «BI-Group», Национальная Телекоммуникационная Ассоциация, АО «НАТ Казахстан», ТОО «Континент Инвест Групп» Холдинг, ТОО «СК «Базис», Казахстанская Туристская Ассоциация, АО «Целингидромаш», ТОО «High Vill Service» и другие партнеры Холдинга, представители МОН РК и РНМЦ, а также сотрудники Холдинга. Встречи проходили как в здании Холдинга «Кәсіпқор», так и на те…
Айжан Кәрібаева журналист Қала оқушылары мен ауыл оқушыларының айырмашылығы Иә, айырмашылығы қатты сезіледі. Екі жақтың да артықшылығы мен кемшілігі бар. Мысалы, қала мектептерінде оқушылар ашық, еркін ойлы, бірақ ауылдың балаларымен салыстырғанда ұлттық мәселеде көп ақпараттанбаған. Ауылдың балаларында ұяңдығы басым, білсем деп тұрса да - ұялады. Сол себепті ауыл балаларына ұяңдығын ашу керек, ал қала мектептеріне қазақилықты көбірек түсіндіру керек болады. Бірақ ол айырмашылық студенттер арасында 3-4 курстарда жойылып кетеді. Негізі белгілі бір деңгейде ұяңдық дұрыс. Ол иманнан болады. Адам ұяң болса, тыңдайды деген сөз. Кейде, мысалы, мүлде бет бақтыртпайтын студенттер болады, ол оны демократия деп қате түсінеді. Ол жай ғана өзін көрсету, білім алу құштарлығы мүлде жоқ деген сөз. Ал ұя…
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» http://el.kz/28670
Шотландиялық Дерик Хернинг те 22 тілде еркін сөйлейді. http://el.kz/28669
Польшаның Вроцлав қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Негізі жастардан жасақталған ұлттық құрамамыз 1 күміс, 1 қола иеленіп жалпыкомандалық алтыншы орынды Әзірбайжан құрамасымен бөлісті.
Біріншіліктің жеңімпазы Ресей, екінші сатыда «әліптің артын баққан» Қытай, ал үшінші Солтүстік Корея. Өзбекстан командасы кішігірім «сенсация» қылды, 1 алтын және 1 қола еншілеген ала шапанды көршілеріміз жалпы есепте төртінші. Жалқы алтынның жалына жармасқан Тайвань бестікке ілінді.
Ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионаты елордамыз Астанада өтеді. Аталмыш додада Рио-де-Жанейро олимпиадасының алғашқы жолдамалары сарапқа салынады. Бұл туралы alaman.kz хабарлады.
Таразда күрестен халықаралық турнир өтуде, іс-шара қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алу мақсатында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Жамбыл облысының дене шынықтыру және спорт басқармасынан.
Турнирге жалпы тоғыз команда (Ресей, Қырғызстан, АҚШ, Канада, Беларусь, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан) қатысып отыр. Жеті салмақ дәрежесі бойынша (55-120 кг) 200 балуан «Тараз-Арена» Спорт сарайында додаға түспек. Жамбыл облысының атынан мықты деген 9 балуан — олимпиада жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, жастар арасындағы әлем чемпионаттарының жүлдегерлері Мейіржан Әшіров пен Нұрсұлтан Найзабеков, т.б. қатысады.
FIFA мен France Football басылымы «Алтын доптан» үміткер 10 футболшының тізімін жариялады .
FIFA сайтының хабарлауынша, бапкерлер, команда капитандары, журналистер 10 қыздың арасынан биылғы жылдың үздік футболшысын анықтайды. Тізімге әдеттегідей Марта енді. Ол 5 дүркін әлемнің ең үздік футбол ойнайтын нәзік жанды атанған еді.
Үміткерлердің толық тізімі:
Надин Ангерер (Германия), Нилла Фишер (Швеция), Лена Гесслинг (Германия), Саки Кумагаи (Жапония), Марта (Бразилия), Алекс Морган (АҚШ), Юки Огими (Жапония), Лотта Шелин (Швеция), Кристин Синклер (Канада), Эбби Вамбах (АҚШ).
Ерлер арасындағы «Алтын доптан» үміткерлер тізімі 29 қазан күні белгілі болады.