Бүгін ҚРеспубликасы Дін істері агенттігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры Оспанов С.Қ. ҚР-ның Малайзиядағы Құрметті консулы Тунку Нуриддин Бин Тунку Шахабуддинмен кездесті
2013 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры Оспанов Серік Қорқытбайұлы ҚР-ның Малайзиядағы Құрметті консулы Тунку Нуриддин Бин Тунку Шахабуддинмен кездесті.
Кездесу барысында исламдық білім саласындағы өзара ынтымақтастықты жолға қою және «Нұр» Қазақ-египет ислам университеті мен Малайя университеті арасында Ғылыми-зерттеу мақсатындағы өзара ынтымақтастық және түсіністік туралы меморандум жасасу мәселелері қарастырылды.
