Хромтаулық волейболшы жігіттер тұңғыш рет Қазақстан кубогын иеленді
Хромтауда 27-28 қазан күндері волейболдан ерлер командалары арасында ХХІ Қазақстан кубогының жартылай және ақтық ойындары өтті. Бұған дейін 16-23 қазанда өз алаңыңындағы ширек финалда 4-орын алып, жартылай финалға әупірімдеп жүріп өткен алаң иелерінің «ТНК Қазхромы» өз жанкүйерлерін үлкен қуанышқа кенелтті. Олар жартылай финалда «Конденсат-Жайықмұнай» (Орал), ал финалда «Алматы» командаларын 3:0 есебімен ойсырата ұтып, өз тарихында тұңғыш рет ел кубогын иеленді. Бұған дейін оған Алматы қаласының волейболшылары 7 рет, теміртаулықтар мен семейліктер — 2, қызылжарлықтар павлодарлықтар, талдықорғандықтар — 1 мәрте қол жеткізген болатын. Атап айтқанда алматылықтардан 1993 жылы «Азамат», 1997 жылы «РКС-2» 2003-2005 жылдары «Рахат-ЦСКА», 2007, 2008, 2011 жылдары «Алматы» командалары үздік шықты.…