ҰҰ ЖКББ және ҚР ІІМ мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдерімен бірлесіп Қазақстандағы азаматтық жоқтықты қысқарту мәселелерін қарады
Астана қаласында ІІМ-де министрдің орынбасары генерал-майор Ерлан Тургумбаевтің төрағашылығымен Жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЖКББ) Орта Азия бойынша аумақтық өкілі Сабер Азамды шақырумен ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті, онда азаматтық жоқтықты қысқартуға қатысты мәселелері қаралды.
Отырыста, оралмандардың, азаматтығы жоқ адамдардың және босқындардың құқықтарының жағдайы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының Арнайы баяндамасында көрсетілген елдегі азаматтық жоқтықты анықтау мен қысқарту бойынша ұсыныстар талқыланды. Отырыстың нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ адамдардың санын қысқарту жөнінде нақты шаралар әзірленді.
Құжаттандырылмаған барлық адамдарды белгілеу және оларды мәртебесіне сәйкес тіркеу мен құжаттандыруды қамтамасыз ету мақсатында бүкіл елдің ауқымында ақпараттық кампания өткізу ұсынылды.
Өз кезегінде БҰҰ ЖКББ Өкілдігінің басшылығы, ақпараттық кампанияның барлық салдарын ескеру және тиісті құжаттандыруда көмек алу үшін Қазақстан Республикасының құзыретті органдарына жүгінетін барлық адамдарға құқықтық шешім табу туралы тілек білдірді. БҰҰ ЖКББ азаматтық жоқтықты қысқарту және алдын алу бойынша қазақстандық үлгісін іске асыруда ҚР Үкіметіне қандай болмасын көмек көрсетуге дайындығын атап өтті, соның ішінде ақпараттық кампанияны техникамен қолдау және заңнаманы арттыру мәселері бойынша сарапшылық қорытындыларын ұсыну.
