Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан Қорғаныс министрі Ұлыбританияға ресми сапармен келді

Бүгін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Қорольдігіне ресми сапармен келді. ҚР Қорғаныс министрі бастаған қазақстандық делегация бүгін Лондонда Сауда-инвестициялық палата жанындағы қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі ұйым мен Ұлыбритания әскери-өнеркәсіп кешені компаниясы басшыларымен кездесу өткізіп, бірқатар британдық қорғаныс компанияларына барады. Ертең Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Ұлыбританияның әскери басшыларымен келіссөздер өткізеді. Сонымен қатар, Әділбек Жақсыбековтің британиялық әріптесі Филипп Хаммондпен, Ұлыбритания Қарулы Күштері қорғаныс штабының бастығы генерал Николас Хаугтонмен және Ұлыбритания Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал Питер Уолмен кездесуі жоспарланған. Қазіргі уақыт…

0
0
407

«Сәтті қадам» жобасы

«Сәтті қадам» жобасы енді аймақтарда 2013 жылдың 28 қазанында «Жас Отан» Жастар қанатының Шығыс Қазақстан облысы, Батыс-Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы және Павлодар облысы аймақтық филиалдарында жастардың тәжірибеден өтуін ұйымдастыру бойынша «Сәтті қадам» жобасының бастау алуына байланысты баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Аймақтық баспасөз конференциялары лайықты мамандарды іріктейтін комиссия, сарапшы мамандардың және қатысушылардың тәжірибеден өтуіне бос орындар ұсынатын ұлттық, жеке меншік компаниялардың өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Бүгінгі таңда «Жас Отан» Жастар қанатының бес облыстық филиалы келесі жергілікті мемлекеттік органдармен және ұлттық компаниялармен өзара келісім туралы меморандумға қол қойған: Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы:…

0
0
2591

Қайран шіркін өмір-ай

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Қайран шіркін өмір-ай,

Зырылдап, өтіп барасың.

Көзді ашып жұмғандай,

«Береке», «Бақыт» - қайдасың?

 

Қайран шіркін заман-ай,

Қалт-құлт еткен арман-ай.

Жүректе жатқан зарымды,

Қиналып тағы айта алмай.

 

Түсінер мені барма екен,

Жылаумен өткен түндер-ай?

Өмірдің заңы сол ма екен,

Жолдасым болды «Түн» мен «Ай»?

0
3
1451

ҰҰ ЖКББ және ҚР ІІМ мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдерімен бірлесіп Қазақстандағы азаматтық жоқтықты қысқарту мәселелерін қарады

Астана қаласында ІІМ-де министрдің орынбасары генерал-майор Ерлан Тургумбаевтің төрағашылығымен Жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЖКББ) Орта Азия бойынша аумақтық өкілі Сабер Азамды шақырумен ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті, онда азаматтық жоқтықты қысқартуға қатысты мәселелері қаралды. Отырыста, оралмандардың, азаматтығы жоқ адамдардың және босқындардың құқықтарының жағдайы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының Арнайы баяндамасында көрсетілген елдегі азаматтық жоқтықты анықтау мен қысқарту бойынша ұсыныстар талқыланды. Отырыстың нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ адамдардың санын қысқарту жөнінде нақты шаралар әзірленді. Құжаттандырылмаған барлық адамдарды белгілеу және…

0
0
1093