Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2013 жылы 31 қазанда Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі Бұқаралық ақпарат құралдарында діни тақырыпты жариялау бойынша әдістемелік Кеңестің кезекті отырысын өткізді

Кеңес жұмысына мемлекеттік органдар, діни бірлестіктер, отандық дінтанушы ғалымдар мен сарапшылар, БАҚ өкілдері қатысты.

Семинардың өзектілігі, соңғы жылдарда дін саласындағы туындап отырған мәселер мен дәстүрлі емес діни бірлестіктердің, әсіресе экстремистік ағымдардың көріністің дамығаны ақиқаттылығымен расталады. Бұл – қоғам ортасында  діннің алатын орны мен діни бірлестіктердің мәртебесі жоғарланып әрекеттері мен қызметтері өрбігені мен халықаралық діни экстремизм мен терроризммен күресу жолдарын қарап, қоғам айнасына айналған ақпарат құралдарының күрделі тақырыпты бұрмаламай, өткір қойылып отырған мәселені шешудің оң жолын тауып, ақпартты дұрыс жариялауды БАҚ басты міндетіне айналғаны.

Осыдан, Әдістемелік Кеңестің кезекті семинары «Дәстүрлі емес діни ағымдар: пайда болуы, ілімі, қауіптері» тақырыбында өткізіліп сәләфизм ағымы және оның қоғамға қаупі, тәкфіршілдік-жиһадтық ағымының қазіргі хал-күйі, дәстүрлі емес христиандық ағымдардың деструктивті әрекеттері мен қоғамдық түсінікке ену жолдарын талдауға арналған баяндамалар оқылып, жан-жақты журналитер мен дін мамандары арасында пікір алмасу болды.

Орынды отырыс, БАҚ өкілдері дінтанушы-сарапшыларға, ғалым-мамандарға сауалдар жолдап,  мазмұнды жауаптарын алып, өз алдынан тақырып төңірегінде ой-пікір ұсыныстармен жалғасты.

Кездесу соңында, қоғамдағы діни ахуал тұрақтылығын сақтауға ықпалы зор бұқаралық ақпарат құралдарының дін тақырыбын жариялау бойынша кеңес беру, қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету, дін саласындағы көкейкесті тақырыптарды талдауға қолдау көрсететін Кеңес жұмысы алдағы уақытта жұмысын тоқтатпай, ортақ шешімдерге келу керек екендігін қорытындыға салды.

 
0
0
497

Осы тақырып бойынша

2013 жылы 31 қазанда Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі Бұқаралық ақпарат құралдарында діни тақырыпты жариялау бойынша әдістемелік Кеңестің кезекті отырысын өткізді - Yvision.kz