Мазмұнға өту

Жаңа

Шикізат жоқ, кедергілер көп

Сенбі күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Аманжан Жамалов пен Снежанна Имашева «Конденсат» АҚ басшылығымен кездесті. Кездесуге акционерлік қоғамның мердігер компаниялары мен еңбек ардагерлері қатысты. Кездесуді «Конденсат» компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы, бас акционер Валерий Жүнісов өткізді. Ол компанияның көп жылда бері рентабельді шикізатқа қол жеткізуде қиындықтарға тап болып келе жатқанын айтты. Кен орнында өндірілетін сұйық көмірсутектерді өңдеудің бірегей технологияларын енгізген кәсіпорын қазір жұмысын тоқтатудың алдында тұр.2016 жылдың соңында «Конденсат» АҚ мұнай өңдеу зауыты елімізде бірінші болып «Евро-5» бензинін өндіру кешенін, ал 2018 жылы сол санаттағы дизель отынын өндіру қондырғысын іске қосты. Осылайша, ол сапалы отын шығаратын жалғыз кәсіпорын бо…

1
0
163

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С.В.Имашева азаматтарды қабылдау жүргізді.

Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежана Валерьевна Имашева аудан әкімдігінің ғимаратында азаматтарды қабылдау жүргізді. Қабылдау барысында Подстепный-Илек жолын күрделі жөндеу, Жаңаталап ауылының маңындағы карьер туралы мәселелер қозғалды.

0
0
215

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Батыс өңірінде

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жамалов Аманжан Мәкәрімұлы және Амирханян Аветик облыстық “Nur Otan” партиясы жанынан құрылған өңірлік даму бойынша қоғамдық кеңесінің мүшелерімен бірлесіп, “Батыс Су Арнасы” ЖШС ұжымымен кездесті.Кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен бірге жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.«Батыс су арнасы» ЖШС – сумен жабдықтау және ағынды суларды бұру қызметін ұсынатын монополист кәсіпорындардың аймақтық тізіліміне енгізілген Орал қаласы үшін орталықтандырылған сумен жабдықтаудың жалғыз көзі болып табылады.“Батыс Су Арнасы” ЖШС ұйымы “Водоканал” кәсіпорны құрылғаннан бастап, яғни 1962 жылы ашылған. Осы жылдары, қайта құруға және кәсіпорны атауының өзгеруіне байланысты “Батыс Су Арнасы” болып өзгертілді.Серіктестікте 800-ден астам қызметк…

1
0
263

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С.В. ИмашеваБөрлі ауданының шаруа қожалықтарымен кездесу

Ағымдағы жылдың 21 қаңтаында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежана Валерьевна Имашева Бөрлі ауданының шаруа қожалықтарымен кездесті. Кездесу барысында шаруа қожалықтарын, техниканы, шөп шабуды субсидиялау, жер учаскелерін жалға алу, пошта қызметкерлерінің жалақысын көтеру, «Казтрансаймақ» АҚ-ның тариф бағаларын төмендету бойынша мәселелер қозғалды.

0
0
207

Мәжілісінің депутаты Снежана Валерьевна Имашева Бөрлі ауданының шаруа қожалықтарымен кездесу туралы

Бүгін, яғни 21 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежана Валерьевна Имашева «Ақсай РЭК» мекемесінің қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында аудандық электр желілерінің 80% тозығы жетуіне байланысты электр желісін ауыстыруға қаржы бөлу, нысандарды коммуналдық меншікте қалдыру, «Ақсай РЭК» мекемесінің қызметкерлерінің жалақысын көтеру, трансформаторларды ауыстыру, материалдық-техникалық базаны күшейту туралы мәселелер қозғалды

0
0
371

Халыққа берілген уәде орындалуы тиіс

18 ақпан күні облыстық мәслихаттың үлкен залында Батыс Қазақстан облыстық және Орал қалалық мәслихаттарындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракцияларының біріккен жиналысы өтті.Отырыс барысында, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Nur Otan» партиясының алға қойған міндеттері, елді жан-жақты жаңғырту мен жаңа Қазақстанды құруға бағытталған ел Президентінің бағдары мен партияның реформалануын түсіндіру, Республикалық Жол картасы шеңберінде Батыс Қазақстан облысындағы жобалардың орындалу барысы туралы, 2021-2024 жылдарға арналған Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыру, Батыс Қазақстанның қалалары мен аудандарын елдің бірыңғай энергия жүйесіне қосу туралы қысқаша ақпараттар беріп өтті.«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақста…

1
0
270

Берік отбасы-есірткіден алыс!

Отан-отбасынан басталады. Отбасы-шағын отан Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы ата-ана...Біз, Аймановтар отбасы үлкенге құрмет-кішіге ізет көрсетіп отыратын , бір-бірімізге мейірімді отбасылардың біріміз. Ең бастысы бала бойына тәрбиені қалай сіңіру керек? Ата-ана балаларын рухани байытып, білімге сусындатып, есірткіден аулақ жүретіндей әрі жақсы болып өсуіне лайықты үлгі-өнеге беруі міндетті «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек»деп текке айтылмаған. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден-ақыл, анадан-мейірім алады. Әке-отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана-отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы. Жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.Ал балалары ата-анасы берген тәрбиеге, иманға, жалп…

0
0
507

Халық қалаулысы жолаушылар тасымалдайтын компания қызметкерлерімен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жамалов Аманжан Мәкәрімұлы облысқа іс-сапары барысында Орал қаласының жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялардың басшыларымен кездесті. Кездесу барысында жолаушылар тасымалы саласындағы өзекті мәселелерімен танысты.Орал қаласы жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялардың басшыларының айтуынша, қазіргі таңда облыс бойынша өзекті мәселелердің бірі - қалааралық тіркелмеген такси көліктерінің жаппай көбеюінің салдарынан автобекет мекемесі қарауындағы автобустарын аптасына 1 немесе 2 рет жолға шығаруға мәжбір, өйткені автобуспен барам деуші жолаушылардың саны аздығы. Соған сәйкес, штат 90%-ға қысқарып, жалақылары төмендеген. Сонымен қатар, автобус жүргізушілеріне келушілер де аз, себебі D категориясын алу үшін ең алдымен олар D1 категориясын алуы…

1
0
272

Мәжілісінің депутаты Аманжан Мәкәрімұлы Жамалов Сырым ауданында болған іс сапар барысында

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Мәкәрімұлы Жамалов Сырым ауданында болған іс сапар барысында 2019 жылы ашылған Сырым аудандық білім беру бөліміне қарасты мектеп лицейдің оқу корпусы және күні кеше ғана ашылған жатақханасының жағдайымен танысты. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Б.Жанболсынов оқу ғимаратының тарлығын алға тартып, ауылдық округтерден дарынды балаларды қабылдауға көп мүмкіншіліктің болмай тұрғанын айтып, қазіргі таңда ауданның көптеген талантты балалары облыс орталығындағы дарынды балаларға арналған арнайы мектептерде оқып жатырғандығын тілге тиек етті. Бұл мәселені аудандық маслихаттың депутаттары да көптен бері көтеріп жүр. Мәжіліс депутаты А.Жамалов аудан орталығынан жаңадан мектеп лицей ғимаратын салдыртуға ықпал етуге, жұмыстанатындығы…

0
0
296