Бүгін ауданымызға Қазақстан РеспубликасыПарламенті әжілісінің депутаты М.Құлшар ресми сапармен келді
Бүгін ауданымызға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты М.Құлшар ресми сапармен келді. Мәлік Иманқұлұлы аудан орталығындағы құрылысы жүріп жатырған денешынықтыру - сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Алайда, наурыз айында құрылыс жұмыстары жалғасып, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде. Құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан М.Құлшар нысанның түйіткілді мәселелерін тыңдап, уақтылы аяқталуына күш салатынын айтты.
