Лицензияланбаған өнім адам өміріне қауіпті (ФОТО)
Петропавлдық полицейлер Жаңа жыл мейрамы қарсаңында жарылғыш өнімдердің жүзеге асырылуына бақылау жөніндегі жұмыстарын күшейтті. 19 желтоқсаннан жанғыш және жарылғыш өнімдердің жүзеге асырылу нүктелері бойынша облыс көлемінде бастау алған, тәртіп сақшылары рейдтерінің басты мақсаты – солтүстікқазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Тәжірибенің көрсетуі бойынша, пиротехниканы дұрыс пайдаланбау нәтижесінен балалармен қоса үлкендер де түрлі ауыр жарақаттарға шалдығады. Әсіресе, лицензияланбаған өнімдерден төнетін қауіп басым. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жарылғыш заттарды тек қана лицензиясы бар, арнайы дүкендерден сатып алуды жөн санайды. Рейд шаралары барысында ІІБ лицензиялау-рұқсат ету жүйесі бөлімшесінің қызметкерлері, жарылғыш өнімдерді сақтау ережелері мен оларды с…


