Жаңа
«Бекіре-2014» балық қорғау акциясының барысы жайында
2014 жылдың 16 сәуірінде Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясының басқармасы мен облыстық ішкі істер департаментінің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Бекіре-2014» кең ауқымды балық қорғау акциясы аясындағы шараларды жүргізу барысында Каспий теңізі жағалауында Форт-Шевченко қаласының екі тұрғыны мінген моторлы қайықты тексерді. Тексеріс нәтижесінде қайықта 37 дана бекіре тұқымдас балық және ұзындығы 100 метрлік аулар табылып, тәркіленді. Оқиға орнында жиналған материалдар мен айғақты заттар құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды. ҚР ҚОСРМ баспасөз-қызметі 2014 жылдың 16 сәуірінде Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясының басқармасы мен облыстық ішкі істер департаментінің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Бекіре-2014» кең ауқымды…
О ходе рыбоохранной акции «Бекіре-2014»
16 апреля 2014 года сотрудники управления рыбной инспекции по Мангистауской области совместно с работниками природоохранной полиции ДВД Мангистауской области при проведении мероприятий широкомасштабной рыбоохранной акции «Бекіре-2014» на побережье Каспийского моря произвели досмотр лодки с подвесным мотором, в которой находились двое жителей города Форт-Шевченко. При досмотре плавательного средства обнаружено и изъято 37 рыб осетровых видов, а также незаконные орудия лова –100 метровыесети. Собранный по факту незаконного лова рыбы материал и вещественные доказательства направлены в правоохранительные органы для принтия процесуального решения. Пресс-служба МОСВР РК 16 апреля 2014 года сотрудники управления рыбной инспекции по Мангистауской области совместно с работниками природоохранной по…
Оңтүстік Қазақстанда Қызыл кітапқа енген дуадақтар еркіндікке жіберілді
Бұрынғы әлем чемпионы Головкимен кездесуге ниетті
Орта салмақтағы WBA тұжырымының бұрынғы чемпионы француз Хассан Н’Дам Н’Жикам WBA және IBO тұжырымдарының чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Генадий Головкинмен жұдырықтасуға ниетті екенін айтты, — деп хабарлайдыTengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. «Мен қазір Головкинмен кездесуге дайындалып жатырмын. Ол орта салмақтағы әлемнің үздік боксшысы. Мен онымен осы жылдың соңында немесе келер жылдың басында кездессем деген ойдамын», — дейді Н’Жикам. Н’Дам Н’Жикам өзінің чемпиондық атағынан 2012 жылы америкалық боксшы Питер Куиллиннен жеңіліп қалған соң айырылған. Бұл француз боксшысының кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісі болатын. Питер Куиллиннен жеңілген соң Н’Жикам екі рет шаршы алаңға шығып, екеуінде де жеңіске жетті. Енді ол кезекті кездесуін 16 сәуірде колумбиялық…
Алматыда пауэрлифтингтен Азия чемпионаты өтеді
21 және 27 сәуір аралығында Алматыда алғаш рет пауэрлифтингтен Азияның ашық біріншілігі өтеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның пауэрлифтинг федерациясына сілтеме жасап. Бұл байрақты бәсекеге 10-нан астам елдің спортшылары қатысуға ниет білдірген. Олардың қатарында жасөпірімдер мен ардагерлер де бар. Турнирдің алғашқы алғашқы үш күнінде спортшылар іріктеу кезеңдерінен өтетін болады. Ал одан кейін үш салмақ дәрежесінде өз салмақтарының жеңімпазын анықтасы, турнирдің соңғы күні абсолютті салмақтағы, яғни барлық салмақ дәрежесіндегі суперчемпионды анықтайды. Сондай-ақ бұл күндері Алматының «Мега» сауда орталығында спорттың бодибилдинг түрінен де спортшылар сынға түседі. Айта кетейік, соңғы жылдары елімізде пауэрлифтинг қарқынды дамып келеді. Оған дәлел ретінде өткен жылы П…
Азия біріншілігінде белдесетін балуандар анықталды
23 сәуірде Астанада күрес түрлері бойынша Азия чемпионаты басталатыны белгілі. Осыған орай әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Гюзель Манюрова Азия біріншілігіне қатысатын балуандардың тізімін жасақтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Негізі биылғы жылы балуандардың басты додасы әлем біріншілігі мен Азия ойындары болып саналады. Бірақ, Азия чемпионаты елімізде алғашқы рет өтетіндіктен бас бапкер барлық мықтыларды боз кілемге шығаруды жөн көрген екен. Тарқатып айтсақ, 48 келі салмақта Татьяна Аманжол кілемге шықса, 53 келі салмақта Жұлдыз Ешімова бақ сынайды. 55 келі салмақта Айым Әбділдина белдеседі. 58 келі салмақта Айжан Исмағұлова шеберлік байқасады. 69 келі салмақта Елмира Сыздықоваға сенім артылса, 75 келі салмақта Гюзельдің өзі күш сынасады. Бас бапкердің ай…
Әлем чемпионатында талантты екі боксшымыз жеңіске жетті
Софияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында екі талантты боксшымыз шаршы алаңға шығып, жеңіске жетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Болгарияның бас қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында тағы екі боксшымыз келесі кезеңге өтті. Алғашқы күні 52 келі салмақ дәрежесіндегі Оразхан Ергештің жеңіске жеткенін жазғанбыз. Кеше түнде 56 келідегі Сұлтан Зауырбек Бутан боксшысы Тшеринг Самдруптан 3:0 есебімен басым түсті. Ал 60 келіде ел намысын қорғаған Абылайхан Жүсіпов Америка үміті Исидо Очоастан үстем түсті (Есеп – 3:0). Айта кетейік, Сұлтан да, Абылайхан да – жастар арасындағы Азия чемпиондары. Екеуі де Таиланда өткен құрлық біріншілігінде топ жарған. Абылайхан тіпті Азия чемпионатының үздік боксшысы атанып, оған дейін жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанғ…
Теннис: Зарина Дияс Куала-Лумпурда WTA турнирінің ширек финалына өтті
Доданың екінші айналымында ол итальяндық теннисші Джулия Гатто-Монтиконені 6:1, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Айта кетейік, Дияс әлемдегі ең үздік 100 теннисшінің қатарында. Ал итальяндық спортшы WTA рейтингісінің тек 237-орнында тұр.
Бұның алдында 20 жастағы З.Дияс бірінші айналым матчында Грекияның 31 жастағы спортшысы Элени Данилидуді 6:2, 6:2 есебімен ойсырата жеңген болатын.

Қостанай облысының ІІД-інде бірден 114 офицер мен сержант қызметке тағайындалды.
Қостанай облысының ІІД-інде бірден 114 офицер мен сержант қызметке тағайындалды. «ҚазАқпарат», 17.04.2014ж.
Бүгін Қостанай облысының ІІД-де кадрлық қызметкерлердің тапшылығы бес есеге азайды.ІІД бастығы Тілеген Маткеновтың бұйрығымен офицерлік және сержанттық құрам лауазымына бірден 114 офицер мен сержант тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Қостанай облысының баспасөз қызметінен хабарлады.
Т.Маткенов аталмыш қызметтерге тек іріктеуден өткендердің ғана тағайындалғанын атап өтті.
«Әңгімелесу барысында көрсетілген талаптарға сәйкес келмегендіктен, 600 үміткер өтпей қалды», - деді ол.
ІІД баспасөз қызметінде атап өткендей, кезектен тыс аттестаттау өткізілгеннен кейін жергілікті құқықтық тәртіп органдарында кадрлар жетіспеушілігі бес жүзден астам бірлікті құраған.
