Мазмұнға өту

Жаңа

Өткен түні сағат 4-те Түрксіб ауданында түнгі торуыл кезінде «Боран-268» экипажының полицейлері Сейфуллин көшесінде өртеніп жатқан үйден 6 адамды құтқарды.

«Бірінші қабаттағы пәтер өртеніп жатты. Қою түтіннен көру мүмкін емес болды. Екінші қабаттан көмекке шақырған дауысты естіп, қасымдағы әріптесім екеуміз баспалдақ әкеліп бір отбасы мүшелерін, әкесін, нәрестесімен анасын, қызын жерге түсірдік. Кейін қасындағы балконнан көмекке шақырған қарт әйел мен оның ұлын құтқардық, - деді «Боран-268» экипажының жетекшісі, полиция аға лейтенант Айбол Ахметшиев. http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_smi/%D0%90%D0%BB%D0%BC%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%B4%D0%B0%20%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D1%86%D0%B8%D1%8F%20%D2%9B%D1%8B%D0%B7%D0%BC%D0%B5%D1%82%D0%BA%D0%B5%D1%80%D0%BB%D0%B5%D1%80%D1%96

0
0
365

Боксшы Ж. Жақиянов жаңа титул үшін бақ сынайды

10 қыркүйекте қазақстандық боксшы — жеңіл салмақтағы еуропа чемпионы — Жанат Жақиянов Минскіде грузин Гага Едишерашвилимен кездеседі. Бұл туралы Еуразиялық-Тынық мұхиттық бокс кеңесінің (EPBC) ресми сайтынан хабарланды. Жекпе-жекте WBC нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы EPBC чемпионы титулы сарапқа салынады. Бірақ, Жақияновтың Еуропа чемпионы белбеуі ойнатылмайды. Атап өту керек, Грузия спортшысы кәсіби шаршы алаңда осыған дейін жеңіліп көрмеген. Едишерашвилиде 7 жеңіс жазылған, оның 6-ауы уақытынан бұрын аяқталған. Жерлесіміз болса 22 мәрте жеңімпаз атанған, 15 жекпе-жек нокаутпен аяқталған. Бір рет жеңілген. Осыған дейін хабарланғандай, сәуір айында Жанат француз боксшысы Гуерфиді 5-ші кезеңде нокаутқа жіберіп, Еуропа чемпионы титулын тартып алған болатын. Басты сөздер: Спорт АСТАНА. ҚазА…

0
0
294

ЕУРО-2015: Футболдан Қазақстанның жастар құрама командасының Францияға қарсы құрамы анықталды

Бүгін футболдан Қазақстанның жастар құрама командасының (U-21) Францияға қарсы құрамы анықталды. Бұл туралы бүгін Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады. Тамыздың 30-ы мен 4 қыркүйек аралығында Қазақстанның жастар құрамасы Астана қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Ал 4 қыркүйек күні «Астана-Арена» стадионында отандастарымыз «Еуро-2015» іріктеу додасы аясында Франция құрама командасымен соңғы рет кездеспек. Қазір 21 жасқа дейінгі футболшыларымыз 9 ұпаймен «10» топтың үшінші сатысында келеді. Бірінші орында Франция, ал екінші орында Исландия құрама командалары. Теориялық тұрғыда Қазақстан құрама командасының Еуропа біріншілігінің финалдық кезеңіне шығуына мүмкіндігі бар. Бұл үшін жігіттер француздарды қалайда ірі есеппен жеңулері тиіс. Жастар құрама командасының а…

0
0
1445

2014 жылғы 25-27 тамыз күндері аралығында Конституция күні мерекесі қарсаңында ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің қызмет көрсету аумағында «Қ2014 жылғы 25-27 тамыз күндері аралығында Конституция ұқық тәртібі» жедел-алдын алу шарасы өткізіледі.

Шара мақсаты - еліміздің темір жол және әуе көлігі нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету.
Көліктегі ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Өтетілеуовтің айтуынша, жасалған қылмыстарға жедел ден қою және олар бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін кезекші бөлімдердің жанынан күшейтілген жедел-тергеу топтары құрылды. http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_smi/%D0%9A%D3%A9%D0%BB%D1%96%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%96%20%D0%86%D0%86%D0%94-%D0%B4%D0%B5%20%C2%AB%D2%9A%D2%B1%D2%9B%D1%8B%D2%9B%20%D1%82%D3%99%D1%80%D1%82%D1%96%D0%B1%D1%96%C2%BB

0
0
362

Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тың Ашық чемпионатындағы алғашқы ойындарын өткізеді

Бүгін Нью-Йорк корттарында жыл сайынғы турнир — АҚШ-тың Ашық чемпионаты (US Open) басталады.

Беделді жарыста қазақстандық теннисшілер де өз бақтарын сынайтын болады.

Кортқа алғашқы болып Александр Недовесов шығады. Ол ирландық Джеймс Макгимен бірге күш сынайды.

Әйелдерден әлемнің 48-ракеткасы Зарина Дияс пен 51-ракетка Ярослава Шведова Қазақстан намысын қорғайтын болады. Олар кортқа ертең шығады деп жоспарланған. Заринаның қарсыласы украиналық Леся Цуренко, ал Ярослава румыниялық Моника Никулескумен бақ сынасады.

Ерлер арасында Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев те бар. Бірінші айналымда Кукушкин неміс Ян-Леннард Штруффпен, Голубев итальяндық танымал теннисші  Фабио Фоньинимен ракетка түйістіреді.

Басты сөздер: ӘлемСпорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
304

Алматыда І жазғы Сурдлимпиадалық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті

Бүгін Алматы қаласында I жазғы Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Спартакиаданың ашылу салтанаты өтті. «Бұл спартакиадаға Қазақстанның облыстарынан 14 команда келді. Барлығы 400 адам қатысуда. Ола спорттың бес түрінен: мини-футбол, жеңіл атлетика, еркін күрес, үстел теннисі және шахматтан өзара бақ сынасады. Алматы және Астана қалаларынан, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарының командалары толық құрамымен келді. Яғни олар спорттың барлық түріне қатысады» — деді өз сөзінде ҚР мүгедектер спорты бойынша бас жаттықтырушысы Максим Рожков. Бұған дейін елімізде сурдоолимпиадалық және параолимпиадалық спорт түрлері бойынша жарыстар бірге өткізіліп келген болатын. «2002 жылы Қазақстанда ұлттық параолимпиадалық комитет құрылды. Содан бері көптеген жарыстар өткізіле бастады. Қат…

0
0
564

Ольга Рыпакова «Бриллиант лигасында» екінші орынды иеленді

Лондон Олимпиадасының чемпионы қазақстандық Ольга Рыпакова Англияның Бирмингем қаласында жеңіл атлетикадан өткен коммерциялық «Бриллиант лигасының» 12-ші кезеңіне қатысып, екінші орынды жеңіп алды. Бұл туралы бүгін ҚазАқпарат тілшісіне Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясынан хабарлады. Икан стадионында өткен спорт шарасында Ольга Рыпакова ұзындыққа үш қарғып секіруде соңғы мүмкіндігінде 14 метр 37 сантиметрге секірді. Бұл, Ольганың Лондон Олимпиадасынан кейін жарыс алаңына бірінші рет шығуы. Ольга осы нәтижесімен 2 ұпайға ие болды. Ал Колумбиялық атлет Катерин Ибарген 14 метр 52 сантиметрге секіріп, бірінші орынды иеленді. Үшінші орында да Колумбиялық Йорисис Уррутия. Оның көрсеткіші — 14 метр 14 сантиметр. «Бриллиант лигасының» 13-ші кезеңі алдағы 28 тамыз күні Швейцарияның Цюрих қала…

0
0
278

Жекешелендіру ашық өтеді

Жекешелендіру ашық өтеді «Жекешелендірудің екінші толқынында әрбір нысанның сатылуы ашық, жария жағдайда жүзеге асуы керек. Конкурстың қалай өткенін, кімнің қандай нысанды иеленгенін, кімнің нені жасаймын деп уәде еткенінен халық хабардар болуы тиіс. Біріншіден, бұл мемлекеттің бизнестің жұмыс істеуіне жағдай жасауы. Екіншіден, сатылған нысандардың бәрі нарықтық ортаға өтеді, соның нәтижесінде іскер адамдардың саны көбейіп, экономика жеңілдеп, бюджетке қаражат құйылады»,- деп мәлімдеді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 6 тамызда Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген Елбасының тапсырмасына орай, отандық кәсіпкерлер Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен дөңгелек үстелде Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерінің өкілдеріне жекешелендіруді жүзеге асыру барысындағы өз ұсыныстары мен ескер…

0
0
458

Астанада 1 қыркүйектен бастап жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелеріне қоғам назарын аудару мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арасында қалалық шығармашылық байқау өткізіледі.

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_smi/%D0%91%D0%90%D2%9A%20%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0%20%D0%B6%D0%BE%D0%BB%20%D2%9B%D0%B0%D1%83%D1%96%D0%BF%D1%81%D1%96%D0%B7%D0%B4%D1%96%D0%B3%D1%96%20%D0%B1%D0%BE

0
0
285