Боксшы Ж. Жақиянов жаңа титул үшін бақ сынайды
10 қыркүйекте қазақстандық боксшы — жеңіл салмақтағы еуропа чемпионы — Жанат Жақиянов Минскіде грузин Гага Едишерашвилимен кездеседі. Бұл туралы Еуразиялық-Тынық мұхиттық бокс кеңесінің (EPBC) ресми сайтынан хабарланды.
Жекпе-жекте WBC нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы EPBC чемпионы титулы сарапқа салынады. Бірақ, Жақияновтың Еуропа чемпионы белбеуі ойнатылмайды.
Атап өту керек, Грузия спортшысы кәсіби шаршы алаңда осыған дейін жеңіліп көрмеген. Едишерашвилиде 7 жеңіс жазылған, оның 6-ауы уақытынан бұрын аяқталған. Жерлесіміз болса 22 мәрте жеңімпаз атанған, 15 жекпе-жек нокаутпен аяқталған. Бір рет жеңілген.
Осыған дейін хабарланғандай, сәуір айында Жанат француз боксшысы Гуерфиді 5-ші кезеңде нокаутқа жіберіп, Еуропа чемпионы титулын тартып алған болатын.
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат

