Жаңа
«Халыққа қызмет көрсету орталығындағы семинар-кеңес»
2015 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметшілері аудандық, қалалық, облыстық халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары мен басшыларының қатысуымен семинар-кеңес өткізді. Семинар қатысушылары алдында баяндамамен Департаменттің Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Асхат Искендиров сөз сөйледі. Ол қатысушыларды мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына жасалған қоғамдық талдау нәтижелерімен таныстырды. Талдауды Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізді. Қазіргі таңда, Департамент кәсіпкерлер палатасының ақпаратында көрсетілген фактілер бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, Қостанай облысының халыққа қызмет көрсету орталығы…
А. Есімов: Алматыда шағын және орта бизнеспен айналысатындардың саны 460 мың адамды құрады
Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалық етуімен Іскерлік кеңестің кезекті отырысы өтті. Оның жұмысына Іскерлік кеңестің мүшелері, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, Алматы қаласы мемлекеттік органдарының басшылары қатысты, деп хабарлады қала әкімдігі. Қала басшысы Алматыда ШОБ-тің оң даму динамикасын және мегаполистің Қазақстанның ең белсенді бизнес өңірі екендігін атап өтті. Мысалы, ағымдағы жылдың 1 мамырында Алматыда кәсіпкерлердің белсенді субъектілері 175 958 бірлікті құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,7%-ға көп. Қалада шағын және орта бизнеспен 460 050 адам айналысады. Дәл осы сегмент 3,3 трлн. теңгенің өнімін шығарған. Яғни, 2014 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) өндіруде шағын және орта бизнестің үлесі соңғы төрт жылда рекордты…
Түркияның Адана қаласында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атындағы даңғыл ашылды
Түркияның Адана қаласында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атындағы даңғыл ашылды, деп хабарлады СІМ. Жерорта теңізінің төңірегінде орналасқан түрік Адана қаласында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атындағы даңғылдың ашылу салтанаты өтті. Адана өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық инфрақұрылымы дамыған Түркияның халқы саны бойынша алтыншы қаласы болып табылады (2,2 млн. адам). Қалада елдің ең ірі индустриялдық аймақтарының бірі орналасқан. Адананың тарихы б.з. 9-шы ғасырынан бастау алып, әр түрлі заманда Рим, Византия және Осман империяларының құрамына енген болатын. Қаланың орналасқан жері Чукурова алқабы маңызды ауыл шаруашылық аймағы болып, сол жерлерде мақта, бидай, арпа, жүзім, цитрус тектестері, зәйтүн, темекі және басқалары өсіріледі. Провинцияның жылды…
БҚО Статистика департаменті ұжымымен кездесу
Ағымдағы жылдың 26 мамыр күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті Батыс Қазақстан облысының статистика департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты және осы саладағы заңнаманы түсіндіру бойынша семинар кеңес өтті. Семинар кеңесте Департаменттің мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш және консультанты Е.Төлепқалиев 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі мен қылмыстық Кодексіндегі өзгерістермен таныстырып өтті. Семинар кеңеске мекеме ұжымы және БҚО Статистика департаменті жанындағы «ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің Ақпараттық есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығында…
ЕАЭО осы одаққа мүше елдердің тұтынушыларының құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесші комитет құрады
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) отырысында өнеркәсіп саясаты мен техникалық реттеу мәселелері талқыланды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ЕЭК алқасы аталмыш комиссия Кеңесінің «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің цемент пен әйнекті қоса алғанда құрылыс материалдарын шығару бағытындағы ынтымақтастығын дамыту туралы» ұсынысын мақұлдады. Құжат ЕЭК-ның Өнеркәсіп саясаты департаментінің одаққа мүше елдердегі өнеркәсіп саласының қазіргі және даму жағдайына жүргізген талдаулары негізінде дайындалған. Ұсыныстар ынтымақтастықты кеңейту мен осы саладағы өнеркәсіп кооперацияларын тереңдетуге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің өнеркәсіп салаларында орын алған ортақ мәселелерді шешуге бағытталған. «Ұсыныстарды жүзеге асырудың нәтижесінде кәсіпорындардың тұрақт…
Қатар Әмірі ҚР Президентінің арнайы өкілін қабылдады
Қатар Әмірі ҚР БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын ілгерілету бойынша ҚР Президентінің арнайы өкілін қабылдады, деп хабарлады ҚР СІМ. ҚР БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын ілгерілету бойынша ҚР Президентінің арнайы өкілі, ҚР СІМ орынбасары Асқар Мусинов Қатар Мемлекетінде сапармен келіп, Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танидің қабылдауында болды. Кездесу барысында қазақстан-қатар ынтымақтастығының мәселелері талқыланды. Әмір өзінің 2014 жылғы қаңтарда Астанаға өткен сапарының нәтижелерін жоғары бағалай отырып, ү.ж. жоспарланып отырған мемлекет басшысының Қатар Мемлекетіне сапары барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен қайта жүздесетіндігін атап өтті. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне кандидатур…
А. Құлсейітов: ИИДМБ жобаларын жүзеге асыруға 600 млрд теңге бөлу жоспарлануда
Индустриаландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асыруға мемлекеттік бюджетте 600 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған, деп мәлімдеді бүгін «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов Индустриаландыру бойынша конференция барысында. «Мемлекеттік бюджет қаражатынан екінші бесжылдық аясында 600 млрд астам теңге бөлу қарастырылған. Бағдарлама аясында 6 трлн теңге жеке инвестиция тарту жоспарланған. Оған қоса, төраға жеке бизнес мүмкіндіктері азайды. Осыған байланысты қаржыландыру бойынша тәсілдер қайта қаралып, жеке инвестицияларды көбірек тарту үшін мемлекеттік қаржыландыруды арттыру, немесе жеке бизнес өзінің бірқатар бастамаларын жүзеге асыра алмағандықтан қандай да бір жоспарларды төмендету, не болмаса үшінші әдіс - экономика трансформациясы, онда…
6 мыңнан астам ауыл тұрғыны әлеуметтік төлемдер тағайындау жөнінде кеңес алды – ҚР ДСӘДМ
2015 жылғы 16 наурыз бен 25 мамыр аралығында еліміздің шалғай елді мекендерінде тұратын 6160 азамат арнайы жұмылдыру топтарының құрамында ауылдарға барған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының, «Қазпошта» АҚ және халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандарынан зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөнінде кеңестер алды, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі. Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін аталған ұйымдардың 830 қызметкері жұмылдырылды. Атқарылған жұмыс қорытындысында жүгінген 6160 азаматтың 3747-сі түрлі әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу бойынша кеңес алды, 1471 адамнан деректемелерді өзгерту жөнінде өтініштер қабылданды, 942 ауыл тұрғыны зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарын тапсырды. «Ағымдағы жылғы 16 наурыз бен 25 мам…