ЕАЭО-мен 40-тан астам мемлекеттер мен бірлестіктер ынтымақтасуға ниетті – РФ Үкімет басшысы
40-тан астам мемлекеттер мен бірлестіктер Еуразиялық экономикалық одақпен ынтымақтасуға ниетті екендіктерін білдірді, деп мәлімдеді Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мәжілісінде. «Біздің сарапшыларымыздың осы уақытқа дейінгі жинаған тәжірибелері өзге де халықаралық келіссөздерді жүргізуге дайын. Біз көптеген әріптестерімізбен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады деген ойдамын. Әзірге түрлі деңгейдегі қандай да бір келісімдер жасауға қазір 40-тан астам мемлекеттер мен бірлестіктер қызығушылық танытып отыр, олар ЕАЭО-мен арада байланыстар орнатуға ниетті»,-деді Д.Медведев. Оның сөзінше, өткен жылдары ЕАЭО негізгі сауда әріптестерімен ынтымақтастықты дамытуда айтарлықтай қадамдар жасады,…



