Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қайрат Нұртас «МУЗ-ТВ» музыкалық премиясының үміткері атанды

«Астана Арена»-да 5 маусым күні 13-ші ұлттық телевизиялық поп-музыкадағы телевизиялық Муз-ТВ премиясы өтеді.

Концерт барысында әртістер 29 сәуір күні Мәскеуде қайтыс болған Батырхан Шүкенов құрметіне ән салмақ.

«Церемонияның өзінде Батырхан Шүкеновті еске алатын арнайы номер болмақ, онда Батырдың достары, әріптестері «А’Studio» тобымен бірге әндерін айтады», - деп хабарлады «МУЗ-ТВ» телеарнасының бас директоры Арман Давлетьяров.

Алғаш музыкалық премия 2003 жылы Мәскеуде өтті, осы жылдар бойы оның өтетін орны ауысып жүретін.

«Қазақстанның үздік әртісі» номинациясы алғаш жарияланды, оның үміткерлері болып Жанар Дугалова, Қайрат Нұртас, Нуран Абдулин, «МузАрт» тобы мен Али Окапов ұсынылды.

Сүйікті номинантқа осында дауыс беруге болады.

-1
0
1382

Осы тақырып бойынша

Қайрат Нұртас «МУЗ-ТВ» музыкалық премиясының үміткері атанды - Yvision.kz