Бейнебаян: Қайрат Нұртас — Сағындым сені
Қайрат Нұртас - Сағындым сені (2014)
Сағындым сені сағындым
Шуағы сенсің бағымнан
Куәсі сенсің махаббат жалын
Армансыз алау шағымның
Аяулы асыл тілектің
Нұрындай солмас күлектің
Қабыл ал құстай ән болып ұшқан
Сағыныш, сырым жүректің
Қ-сы:
Сағындым мөлдіреген көзіңді
Сағындым елжіреткен сезімді
Сағындым сені сағындым мен
Аяулы сол бір ерке кезіңді (2 рет)
Жеткізер бізді жол қашан
Таусылмас жырым толғасам
Көңілім алаң мұңайып қалып
Қасымда бір сәт болмаса
Қ-сы:
Сағындым мөлдіреген көзіңді
Сағындым елжіреткен сезімді
Сағындым сені сағындым мен
Аяулы сол бір ерке кезіңді
Сағындым мөлдіреген көзіңді
Сағындым елжіреткен сезімді
Сағындым сені сағындым мен
Сағынап, жүрек езілді...
