«AMANAT» жастар қанатының кезектен тыс Съезі 12 шілдеде өтеді
📷Бүгін Жастар қанаты орталық кеңесінің отырысы өтіп, оның барысында ұйымның кезектен тыс Съезін өткізу туралы шешім қабылданды.⠀📷Кеңес жұмысына партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов қатысты.⠀«Еліміздің саяси жүйесінің трансформациясы «AMANAT» партиясынан басталды. Біздің партиямыз барлық саяси өзгерістің алдыңғы қатарынан табылып отыр. Жаңа Қазақстанды құру жағдайында жастарға негізгі рөл беріледі. Сондықтан наурыз айынан бастап жастар қанатын мазмұнды қайта жандандыру бойынша үлкен талдау жұмыстары жүргізілуде. Таяудағы Съезде жастар ұйымын трансформациялаудың жаңа тәсілдері жарияланады. Олардың ең алдымен еліміздің барлық өңіріндегі «AMANAT» партиясы жастар қанаты мүшелерінің ұсыныстары мен пікірлерін ескере отырып дайындалғанын атап өткім келеді», - деді Асхат Оралов.⠀📷Кезектен ты…