Қаржы пирамидалары қызметіне қатысты заң қабылданды
Мемлекет басшысы мынадай заңдарға қол қойды:«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы»;«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».Еске салайық, түзетулердің мақсаты - қаржы (инвестиция) пирамидасын құру және оған басшылық еткені үшін жауапкершілікті күшейту. Сондай-ақ, азаматтарды қаржы пирамидасына тартуға әкеп соққан ақпаратты (жарнаманы) таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікті заңнамалық тұрғыда реттеу. Заң жобасы бойынша қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.Түзетулер…