Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ядролық соғыс

Ядролық соғыс..

Алғашқы және соңғы рет ядролық қаруды қашан қолданғанын білесіз бе?

Кітаптардан оқыған боларсыз, иә 1945 жылдың 6 тамызы..

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталар шағында АҚШ әскері, Жапонияның ХироСима және Нагасаки қалаларына "атомдық бомба" тастап күл тасталқанын шығарған болатын. Бұл тарих беттерінде қаралы күндер ретінде, ұлы Жапон империясының жеңілісі мен жаңа үлкен державаның үстемдігін білдірген уақыт ретінде жазылды. Міне, содан бері алпауыт елдер арасында, ядролық қару үшін талас-тартыс басталды. Күні бүгінге дейін ядролық қару әлемнің қорқынышы. Бір ғажабы: сол ядродық қару "Үшінші Дүниежүзілік соғыс"-ты да болдырмай тұр. Бұл - Парадокс! Бірақ, алда-жалда ядролық соғыс басталып кетсе, бұл әлемнен түк қалмасы анық. Оны сіз де, біз де, олар да біледі.

Ендеше жәй елестетіп көрелік, сол

соғыс болса қалай, не боларын..

Қазіргі уақытта, 15000нан астам ядролық қару дайындық үстінде тұр. Соның ішінде, бір зымыранның өзі, 35 км-дей шеңбердің күлін көкке ұшырады. Мысал ретінде, Хиросимаға тасталынған бомбаның өзі 140мың адамның өмірін қиған. Демек, бұл айтарлықтай цифрлар. Адам шығыны қазіргі жағдайда, млрд-тан асып кетер еді. Бір айдан кейін аман қалған адамдардың өздері "радиация" әсерінен көз жұмады. Жарылыстың әсерінен ауа қабатына 75 мың мегатонна түтін мен лас заттар шашырайды. Бұлай табиғаттың ластануынан, ядролық қыс келеді. Ауа температурасы бүкіл әлем бойынша -50 ден төменге түседі. Бұл жағдайдың өзінде аман қалған адамдар, құдды бір ақырзамандағыдай күй кешеді.

Әлем осыған дейін бірнеше рет дәл осындай соғыстың алдында сәл-ақ қалған. Әрі қарайда ешбір соғыссыз аман болайық!

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында ғы 1-орта мектептің

11- "ә" сынып оқушысы

Парахатова Әсемай Аманғалиқызы

1
0
381

Осы тақырып бойынша

Ядролық соғыс - Yvision.kz