Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Съезде сөз сөйлеген спикерлерімізге шолу жасаймыз

Съезде сөз сөйлеген спикерлерімізге шолу жасаймыз.

📷Пленарлық отырыс барысында сөз сөйлеген медиаволонтер Диас Камериданов партияға барлық тарихи құжаттар мен деректі фильмдер қазақ және ағылшын тілдерінде цифрландырылатын «Tarih» бірыңғай платформасын әзірлеуді ұсынды.

📷Партия жастар қанатының Алматы қалалық филиалының волонтері Ариана Белобжицкая еріктілердің 100 мектебін қамтитын Волонтерлер академиясын құруды ұсынды.

📷Қаңтар айындағы оқиғалар кезінде әскери қызметте болған ақтөбелік Ұлан Мырзабайдың айтуынша, Отан қорғау – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы.

📷Жылқышы, информатика пәнінің мұғалімі

Асыл Ахметова Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын 2024 жылы қазақ даласында ұйымдастыруды ұсынды.

📷Сондай-ақ, қоғам қайраткері Дәулет Мұқаев Съезд делегаттары мен қонақтарын «Ақылды жас Азамат» және «AQYL BATTLE» жобалары туралы хабардар етті.

📷ЕУРО-2022-нің үздік шабуылшысы атанған «Қайрат» футзал клубының шабуылшысы Біржан Оразов партияның жастар қанатының атауын өзгертуді ұсынды.

📷«Рух – халқымыз үшін киелі құндылықтарды білдіретін ұғым. Жаңартылған жастар қанаты жас ұрпақтың мүдделерін шын мәнінде қорғауы тиіс», – деп атап өтті Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев.

📷Соңғы болып «AMANAT» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, Мақсат Толықбай партия атауын өзгерту туралы ұсынысқа қолдау білдірді.

#AMANAT #Жастаррухы #VIсъезд

0
0
303

Осы тақырып бойынша

Съезде сөз сөйлеген спикерлерімізге шолу жасаймыз - Yvision.kz