Головкин Канелоның жеңілісі туралы айтты
WBA Super, IBF және IBO-дан орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль Канело Альварестің жартылай ауыр салмақтағы WBA Super чемпионы ресейлік Дмитрий Биволмен жекпе-жектегі жеңілісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
«Барлығы өз қалпына оралады. Канело - мықты боксшы, 100 пайыз. Бивол да керемет. Ол өте мықты. Бүгінде ол өте мықты. Қазір бәрі өз қалпына келе жатқаны мені қуантады», - деді Головкин DAZN Boxing Show бағдарламасына.
«Маған бір боксшының: «Ей, жігіттер, сендер бокс туралы ешнәрсе түсінбейсіңдер" деген сөзі ұнады. Бұл адамдардың бокста бәрін біліп, бәрін түсіне қоймайтынын көрсетті»,- деді Геннадий.
Еске салайық, 17 қыркүйекте Головкин Канеломен үшінші рет кездеседі. Жекпе-жек Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile Arena аренасында өтеді, онда алдыңғы екі жекпе-жек өткен еді.
Фото алынды rsport.ria.ru
