Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Жігіттер» квартетінің концерті

Алғаш халық алдына «Ерке қызбен» шыққан топтың бүгінде өзіндік орны бар.

«Жігіттер» – тек қана қазақ әндерін, оның ішінде дәстүрлі өнерді жаңғыртып, жаңаша орындайтын ерекшелігі бар топ.

Ең алғаш 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында өткен Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән байқауында бақ сынап, өздерінің әншілік қырымен көзге түсіп, сол шабыт арқаландырып Алматыға, үлкен сахнаға келген «Жігіттер» квартеті бүгінде бүкіл қазақ әндерін іздеп жүріп тыңдайтын топқа айналғаны баршаға аян.

Біраз уақыт бұрын квартеттің 10 жылдық мерейтойына орай «Жігіттер» халық алдында жеке шығармашылық концертін өткізді. Сол кештің телевизиялық нұсқасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 14:55-те тамашалай аласыздар.

 


0
0
372

Осы тақырып бойынша

«Жігіттер» квартетінің концерті - Yvision.kz