«Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы»

2015 жылдың 8 қазан күні Департамент Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы»» МКҚК-де мемлекеттік қызметке жаңа қабылданған және қайта даярлау курсынан өтуші мамандардың қатысуымен «Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы» тақырыбында бірлескен дөңгелек үстел өткізді. Бұл шараға ауылдық округ әкімдері, аудандық бөлім басшылары, облыстық басқармалардың мамандары және мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлер, яғни аймақтық оқыту орталығының тыңдаушылары қатысты.
Шараға сарапшы ретінде облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингілеу бөлімінің басшысы, Орал қалалық әділет басқармасының басшысы, ХҚКО өкілдері шақырылды.
Дөңгелек үстел отырысына департаменттің Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі М.Н.Нұртазин қатысты. Аймақтық оқыту орталығының директоры Ә.Б.Серғалин шараны модератор болып жүргізді.

