Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО Әділет департаментіндегі семинар-кеңес

2015 жылдың 9 қазанында Батыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мекеме қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары мен міндеттерін, Қылмыстық Кодекстің новеллаларын түсіндіруге арналған семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңес барысында мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексін сақтау сұрақтары мен еңбек тәртібін сақтау мәселелері талқыланды.

Қатысушылар алдында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің консультанты Б.Хайруллин «Сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру»тақырыбында дәріс оқыды.

Іс-шара барысында сауалнама жүргізілді.

 
0
0
323

Осы тақырып бойынша

БҚО Әділет департаментіндегі семинар-кеңес - Yvision.kz