Қазақстанда 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Болашақ» бағдарламасының тәртіптері өзгереді
Қазақстанда 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Болашақ» бағдарламасының тәртіптері өзгереді, деді Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов.
«Bolashak Alumni Reunion Conference аnd Education Fair 2015 – «Болашақ» түлектерінің жыл сайынғы білім көрмесі мен кездесу-конференциясы қарсаңында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Гани Ныгыметов және жоғары білім және стипендиалдық бағдарламаларды іске асыру саласындағы әлемнің жетекші сарапшылары «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру бойынша «Болашақ» бағдарламасын дамытудың негізгі бағыттарын талқылады», - деді ол.
Пікірталас барысында шетелдік сарапшылар Елбасының салаға жіті назарын ерекше атап өтіп, білім және ғылым министрлігінің «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыруда қолданған шараларына баға берді.
Баспасөз-конференцияға қатысушылар іске асырылып жатқан үкіметтік стипендиалдық бағдарламалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» стипендиясының тиімділігіне, білімді интернационализациялау және білімнің отандық сегментінің сараптамалық әлеуетін дамыту саласындағы жаңа бастамаларға қатысты көптеген сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, Г. Нығыметов 2016 жылға жоспарланған «Болашақ» стипендиясын тағайындауға үміткерлерді іріктеу қағидаларына негізгі өзгерістер бойынша түсініктеме берді.
«Астанада ертең «Болашақ» бағдарламасының халықаралық конференциясы мен көрмесі өтеді. Ол осымен екінші жыл қатарынан өткізілгелі жатыр, өткен жылы ол өте табысты өтті. Көрмеге қатысуға әлемнің 40 университетінен 4 мыңнан астам қатысушы келді. Біз оны дәстүрге айналдыруды ұғайрдық, ағымдағы жылы да дәл солай өткізілетін болады», - деп мәлімдеді Ғ. Нығметов.
Оның айтуынша, бұл білім беру мен халықаралық тенденциялар мәселелері бойынша пікір алмасу үшін бірегей алаң.
«BARCEF алаңы шараға қатысушыларға «Болашақ» стипендиясы бағдарламасының алдағы бес жылдық жоспарымен танысуға, бағдарлама серіктестерімен бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау туралы пікір алмасуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті.
Бұдан басқа, BARCEF 2015 барысында әлемнің жетекші оқу орындары өздерінің оқу бағдарламаларының үлгісінің таныстырылымын өткізеді.
Айта өтейік, жыл сайынғы Bolashak Alumni Reunion Conference and Education Fair 2015 білім беру көрмесі ҚР БҒМ бастамасымен өткізіледі.
