Мазмұнға өту

Жаңа

«AMANAT» партиясы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай шығармашылық байқау жариялады

Байқау жыл сайын «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесіп өткізіледі. 2019 жылы бастау алған байқау осымен төртінші рет өткізіліп отыр.📷«Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Ұлы дала» байқауының басты мақсаты – ұлттық және рухани құндылықтарды паш ететін бүгінгі отандық авторлардың шығармаларын қолдау және насихаттау. Биыл қатысушылар шығармашылық шеберлігін төрт номинация бойынша сынап көреді: «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балаларға арналған шығарма». Негізгі номинациялардан бөлек, байқау аясында арнайы сыйлықтар да қарастырылған», – деді партия Хатшысы Д.КәрібекСпикердің айтуынша, биыл Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай арнайы сыйлықтар тағайындалады. Сонымен қатар, «Алаш аманаты» арнайы сыйлығы та…

0
0
324

ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

📷 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды 📷Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады.

0
0
290

Сауран ауданында 300 орындық мектеп пайдалануға берілмек

Қазан айында Сауран ауданында 300 орындық мектеп пайдалануға беріледі. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы аясында салынып жатқан білім ордасы Шорнақ ауылдық округі, Қосмезгіл елді мекенінде бой көтерген. Бұған дейін бір ғана мектеп бүкіл ауыл балаларын оқытуға мәжбүр болып келсе, енді 400 бала аталған жаңа мектепте білім алады. Елді мекеннің жалпы халық саны – 5600-ден астам.Бүгін нысанның құрылыс барысымен танысу мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, партия фракциясының мүшесі Дархан Мыңбай арнайы жұмыс сапарымен келді. Онда депутат құрылысқа жауапты тұлғалармен кездесіп, мән-жайға қанық болды. Жиынға облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев, облыстық мәслихат депутаты Кеңес Әуен және аудан әкімі Ғани Рысбеков қатысты.�…

0
0
493

Жастар арасындағы несие

2022 жылдың қаңтар айынан бастап 22 жасқа дейінгі 80,5 мың азамат өмірлеріндегі алғашқы несиелерін ресімдеген. Бірінші кредиттік бюроның сараптамасына сәйкес, бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-ға жоғары көрсеткіш. Ал жаңа клиенттерге берілген несиенің орташа мөлшері 320 мың теңгені құраған.Жалпы, қазақстандықтардың алатын несиенің 85%-дан астамы смартфондар, сымсыз құлаққаптар және басқа электроника сатып алу үшін қолданады екен. Сонымен қатар жастар скутер мен мопедтерді сатып алуға, қарыздарды өтеуге, жалға алу шығындарын өтеу үшін несие алады. Айта кететін жайт, қарыз алушылардың тек 5%-ы ғана бұл ақшаны білім алуға және өз ісін ашуға жұмсайды.Несие алу ең алдымен қаржылай және психологиялық тұрақты азаматтарға сай болғандықтан, қаржыгерлер несие және микроқаржы алу…

0
0
367

Жазғы маусымдағы ізгілік

«Шынықсаң – шымыр боласың» эстафеталық жарыстар, «Күншуақ» сауықтыру-шынықтыру орталығында жалпақ табандылықтың алдын алуға арналған жаттығулар өтті. «Күншуақ» сауықтыру-шынықтыру орталығы.Жалпақ табандылықтың алдын алуға арналған жаттығулар. Мақсаты: Жалпақ табанның алдын алу бойынша ұзақ мерзімді жұмыс жоспарын негізге ала отырып жүзеге асыру, нәтижеге жету.Балабақшамызда 13 топта 346 бала қамтылған. Жалпақ табанның бес түрі бар: статикалық жалпақ табандар, травматикалық жалпақ табандар, туа біткен жалпақ табандар, рахиттік жалпақ табан, паралитикалық жалпақ табандар.Балабақша ауласында 2020-2021 оқу жылында «Күншуақ» сауықтыру-шынықтыру орталығының жұмыс жоспары негізінде іс жүзіне асырылуда. Массаж жақсы көмекші әсерге ие, қан айналымын жақсартады, бұлшық еттерді сергітеді.«Шынықсаң-ш…

0
0
960

"Баланы мектепке даярлайық" жалпыреспубликалық акциясы өтті

Акция “Бақытты отбасы” партиялық жобасы аясында дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді. Аталмыш акция аудандық мәслихат депутаттары Қанат Дюсембаев, Айгүл Құнанбаеваның қолдауымен ұйымдастырылды. Акция барысында бүлдіршіндерге мектепке қажетті құрал-жабдықтармен көмек көрсетілді. Партия мүшелері«Баланы мектепке даярлайық!» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы аясында бүлдіршіндерді мектепке даярлауды жалғастыруда.

0
0
233

Алматы облысының тұрақтандыру қорына бөлінген 400 млн теңгені басқа мақсатқа пайдаланған – Антикор

«Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы қызметінде тұрақтандыру қорына бөлінген 400 млн. теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын мақсатсыз және тиімсіз пайдалану фактілері анықталды», – деді Тимур Темірәлиев.

Кәсіпкерлер азық-түлік өнімдерін сатып алудың орнына, берілген қаржыны айналымда ұстады. Ал кейбіреулері жеке мақсаттары үшін пайдаланған.

Сондай-ақ «Жетісу» ӘКК қарыз бойынша шарттық міндеттемелердің орындалуына бақылау жүргізбеген.

Еске салсақ, биыл Алматы облысы бойынша Антикоррупциялық қызмет «Жетісу» ӘКК қызметіне сыртқы талдау жүргізді. Талдау нәтижесінде құқық қорғау органы басшысының бірінші орынбасары Тимур Темірәлиев 27 қауіп анықтағанын баяндады.

0
0
563

Ақтөбеде сот ғимаратына «мина қойылды» деген ақпарат түсті

«24 тамыз таңғы уақытта Қарғалы аудандық сотының электронды мекенжайына ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Дәл осындай хабарлама Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына, Ақтөбе қаласының сотына, Ақтөбе қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотына және қаланың мамандандырылған әкімшілік сотына да келіп түскен», - делінген хабарламада.

Полиция департаменті жасырын хабарламаның авторын анықтауға және ұстауға бағытталған жедел шараларды жүргізіп жатыр.

0
0
283