Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көкшетау жастары «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы мен «Мәңгілік Ел» идеясын талқылады

2015 жылдың 8 қазанында «Қоғамдық келісім» КММ-да «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы «Әулет» МТЖО жанындағы «Шаңырақ» тілдерді оқыту орталығы бірлесе, этномәдени орталық жастарының,  КХА өкілдерінің, студенттер, мектептегі балалар Ассамблеяларының үйлестірушілері мен көшбасшыларының қатысуымен пікір алмасу алаңын ұйымдастырды. Шара «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ қолдауымен өтті.

Пікір алмасу алаңының басты мақсаты ұлттық тарихты зерделеу арқылы «Мәңгілік Ел» идеясын жастар санасына ұялату, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырумен байланысты мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды насихаттау мен түсіндіру.

Пікір алмасу алаңы барысында  М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми әмбебап кітапхананың көмегімен ұйымдастырылған «Дамудың сыры - бірлікте, табыстың сыры - тірлікте» атты көрме өтті.

Кездесудің құрметті қонақтары болып Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақмолалық хатышылығы жетекшісі, төраға орынбасары Айна Мусралимова, «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы Мейрамбек Киіков, Ақмола облысының «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы м.а. Ринат Галлямов, «Шаңырақ» тілдерді оқыту орталығының жетекшісі Күлтай Кәрімжанова, каратэ-додан халықаралық деңгейдегі спорт шебері, ҚР көп дүркін чемпионы, Азия чемпионы (Гонконг, 2012), әлем чемпионы (Токио, Япония, 2013), қара белдік иегері Илья Дик қатысты.

Қазақстанның туын ұстап тұғырда тұрғанда, мен өз мемлекетімнің тарихына өз үлесімді қосқанымды түсіндім! Спортшылардың орасан зор командасын таныстыра отыра, мен сіздермен бірге жаңа қазақстандық патриотизм идеясын алға жетелейтін – Қазақстанның жаңа патриоттарымыз, тәуелсіз елдің азаматтарыз. Әрбіріміз өз ісінде үздік болу керек. Отансүйгіштік деген осы, «Мәңгілік Ел» деген осы», - осылайша, Илья Дик, замандастарын өз Отанының патриоттары болуға шақырды.

Шара соңында «Көкше» академиясы жанындағы колледжіндегі жастар ісі Комитетінің төрағасы - Фарида Хамитова, «Жас Отан» Жастар қанатының бастауыш бөлімшесін ашуды ұсынысына жағымды жауап алды.Жақын арада жасотандықтар қатары аталған коллеж студенттерімен толықтырылатыны жопарлануда.

 
0
0
1125

Осы тақырып бойынша