Маңғыстау облыстық ХҚКО қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жауапкершілігі туралы семинар өткізілді
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Ақтау қаласында орналасқан Маңғыстау облыстық Халыққа Қызмет Көрсету Орталығының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығының жауапкершілігі туралы семинар өткізілді.
Семинар барысында аумақтық Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің бас маманы Сұлтан Сахан сыбайлас жемқорлықтың тигізетін әсері туралы және мұндай жағдайларға Қазақстанның әр азаматы жол бермеуі тиіс екендігі жайлы түсіндіріп өтті.
Кездесудің басты мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, болдырмау және жолын кесу, ар-намыс кодексінің талаптарын сақтауға және мемлекеттік қызметте тәртіпті күшейтуге бағытталған шараларды қарастыру болып табылады. Сол себептен Департаменттің сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған істер жөніндегі баяндамасы тыңдалды.
Сөз соңында семинар қатысушыларына Агенттіктің ресми www.anticorruption.gov.kzсайтының, өтініштерді қабылдауға арналған www.1494.kz порталының, 1494Call-центрінің жұмысы бойынша және республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, сауалнама жүргізілгеннен соң, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

