Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Бауыржан Ретбаев «Таңшолпанда» жаңа әнінің тұсауын кесті

«Қазақстан дауысы» жобасының былтырғы жеңімпазы, әнші Бауыржан Ретбаев бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды.

Жуырда өткен «Turkvysion-2015» байқауына іріктеу кезеңінде екені орын алған әнші: «Бұл байқауға дайындық аз болды. Оған өзімнің жеке шығармашылығыма көп көңіл бөлуім әсер еткен болар. Бүгін «Таңшолпанда» жаңа бейнебаянның тұсауы кесілмек. Бейнебаян Украинаның Киев қаласында түсірілді. Клип көңілімнен шықты. Сапалы дүние»,-дейді.

Биылғы «Қазақастан дауысы» жобасы туралы ойымен бөліскен Бауыржан Ретбаев: «Жобадағы үміткерлер шетінен мықты. Арасында өзім араласатын достарым да бар. Бәріне бірдей жанкүйермін»,-дейді.

«Жобадан кейін менің өмірім күрт өзгеріп кетті.  Жобаның маған бергені мол. Көп нәрсе үйрендім».

Әншінің  «Саған ғашық» әнін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

   
0
0
266

Осы тақырып бойынша