Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда мемлекет пен азаматтық қоғамның бірігуі.

9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні, яғни барлық Қазақстандық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте бірігуге шақырады.

2015 жылғы 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (бұдан әрі – Агенттік) бейне байланыс жүйесі арқылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда мемлекет пен азаматтық қоғамның бірігуі» тақырыбында диалогтық алаң өткізілді.

Аталмыш іс-шараның негізі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, азаматтарды Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу болып табылады.

Сондай-ақ, әлемдік аренада Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын күшейту, бәсекелестікті арттыру және өмірдің сапасын жақсарту.

Іс-шара басында Агенттік төрағасының орынбасары С. Ахметжанов бейне байланыс жүйесі арқылы өзінің құттықтау сөзін жеткізді.

Әрі қарай мемлекет пен қоғамның әртүрлі сала мамандары өз баяндамаларын жасады. Агенттіктің бастамашылығын қолдай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру мақсатында өзара ынтымақтастық туралы ашық келісімге қосылуда мынадай тақырыптар қаралды: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында әйелдер, діни, этномәдени ұйымдарының ролі», «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда мәдениет пен БАҚ - қозғаушы күш», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекет, ҮЕҰ, кәсіподақ ұйымдары, кәсіпкерлік саласының серіктестігі», «Ғылым, білім және жастар саласының басты міндеті -  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу».

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта үздік журналистік жұмыстары үшін БАҚ өкілдеріне сыйлықтар табыс етілді.

Іс-шара соңында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан саясатқа және қолданысқа енгізіліп жатқан заңнамаларға сүйене отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында шыншылдық және сатылмаушылық қағидасын күшейте отырып, қоғамның барлық саласын шығармашылыққа, интеллектуалды және әмбебап болуға тәрбиелеуге жағдай жасау қажеттілігі айтылды.

0
0
454

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда мемлекет пен азаматтық қоғамның бірігуі. - Yvision.kz