АМӨЗ жаңғырту бағдарламасының бірқатар нысандары пайдалануға берілді
Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) бірінші технологиялық кешенінің хош иісті көмірсутегі өндірісі (ХКӨ) ҚР Энергетика министрлігі, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз–өңдеу және маркетинг» АҚ, Атырау облысы әкімдігі, мемлекеттік қадағалаушы органдар мен мердігерлік мекемелердің өкілдерінен құрылған Мемлекеттік комиссияның ұйғарымымен пайдалануға берілді. Жоба Индустриялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында мұнай өңдеу және мұнай химиясы саласында басталған бағдарламалар бойынша жүзеге асырылды. Жобаны «кілтке тапсыру» келісімі 2009 жылғы 29 қазанда «ҚазМұнайГаз-өңдеу және маркетинг» АҚ еншілес кәсіпорны – «АМӨЗ» ЖШС мен «Sinopec Engineering (Group) Co. LTD» (ҚХР) компаниясы арасында жасалған болатын. «ХКӨ құрылысы» жобасын қаржыландыру мақсатында Қазақстанның Даму банкісімен Бас нес…


