Анаят Әкімбеков: Қолымнан келгенше, қолөнерді тастамаймын
Мүмкіндігі шектеулі қолөнер шеберінің арманы – шәкірт тәрбиелеу.

Анаят Әкімбеков – тумысынан жүру қабілетінен айырылған азамат. Бірақ, бүгінде ол тағдырына мойынсұнбай бойына дарыған өнерін көңіліне жұбаныш етеді.
«Мен көбіне ағаштан, малдың сүйектерінен түрлі қолөнер бұйымдарын жасаймын. Мүйіз, тоқпан білік, кәрі жілік, жамбас сүйектерінен өз қиялымдағы түрлі дүниені шығарамын. Мүгедекпін, таяқпен жүремін дегенді ойламаймын. Қолымнан келгенше, қолөнерді тастамаймын. Жастарға бар білгенімді үйретіп кетсем деген ниет бар»,-дейді шебер.
Алғашқыда жасаған бұйымдарын автобекетте сататын. «Бірақ, кейін келе, заттарымды көргендер «аға, мыналарыңыз керемет, неге Алматыға апармайсыз?»,-деген ниет білдірді»,-дейді ол.
Қолөнершінің арнайы шеберханасы жоқ. Шағын ғана бөлмеде талай көркем дүниені өмірге әкелген. Ендігі арманы – арнайы орын ашып, шәкірт тәрбиелеу.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.
