Елбасы Жолдауы: Еліміздің экономикалық-әлеуметтік өрлеуінің басты бағыты

Қазақстан – дамушы мемлекет. Кейбір халықаралық сарапшылардың пікіріне сүйенсек, аз ғана уақыттың ішінде үлкен экономикалық жетістікке жетіп, әлемдік деңгейдегі беделге ие болған мемлекеттедің бірі – біздің еліміз екен. Ол әрине, еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясаты мен шынайы әрі нақты істермен құрылған мемлекеттік бағдарламалардың жемісі әрі нәтижесі деп білген жөн.
Қазақ мемлекеті осы күнге дейін талай қиын кезеңдерді басынан өткізді. Кеңес Одағынан алғаш бөлініп, шығып жеке шаңырақ құрған шақта көп елдің беделді де білгір саясаткерлерінің өзі аса үлкен сенімсіздікпен қарады. Өз бетімен аяққа тұрып кете алар ма екен, әлде әртүрлі кедергілерге ұшырап, басқа алып держабалардың көмегіне жүгінер ме екен деп сынай қарады. Ал, біз болсақ, өзіміздің ауызбірлігіміздің және еңбекқорлығымыздың арқасында көптеген қиындықтарды айналып өттік, кедергілерді артта қалдырдық. Бүгінгі күні өркениеттің биік шыңына шығып, әлім назарына ілігіп отырмыз. Бұл жерде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының маңызы мен атқарған рөлі ерекше. Елбасы отандастарымызғы алғашқы Жолдауын 1997 жылы жасапты. Естеріңізде болса сол Жолдауында Н.Назарбаев: «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады» дегенді аса нық сеніммен айтқан болатын. Айтқаны айдай келді. Елбасымыздың осы сөздеріне кезінде сенімсіздікпен қарағандар әрине көп болды. Бірақ қазір қарап отырсақ, біз Президент айтқандай деңгейге 30 жылдың ішінде емес, набары 10 шақты жылдың ішінде жеткендейміз. 2002 жылғы Жолдауын ұлт көшбасшысы ауылға айрықша назар аударып, ішкі және сыртқы саясатқа ерекше көңіл бөлді. Әсіресе, ауыл тұрғындарының жағдайын жасау, оларды сапалы автомобиль жолдарымен және таза ауызсумен қаптамасыз ету, экономикалық-әлеуметтік ахуалын көтеру, денсаулық және білім саласын дамыту, жұмыссыздардың санын азайту мақсатында нақты бағыт-бағдарларды алғы қойды. «Бiздiң бәрiмiз алдымен ауылға (селоға) қолдау көрсету дегенiмiз кез келгендi және көрiнгендi оңды-солды мемлекеттiк қаржыландыруға келiп тiрелiп тұрмағанын мықтап ұғынып алуымыз керек» деп барша қазақстандықтарды ауыл өмірін көтеруге шақырды.
2009 жылғы 6 наурызда Президенттің жариялаған Жолдауы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға!» деп аталды. Онда әлемдің дағдарысқа қарсы күреске бағытталған нақты бағдарламалар құрылып, мемлекетімізді қаржылық және экономикалық қиындықтардан құтқаруға бағытталған нақты істер тындырылды. Өйткен, осы жылдары біздің дамушы жас мемлекетіміз дағдарыстың салқынын недәуір сезген болатын. Бірақ мемлекет басшысының сындарлы саясатының, көп саланы қамтыған тапсырмаларының арқасында және ҚР Үкіметінің жүйелі жұмысының арқасында ол қиындықты да еңсеріп кеттік. Сондай-ақ, дағдарыстан кейін дамуға жол бастаудың жаңа қадамдарын ойлап тауып, елді қорқынышпен емес аса зор сенімділікпен өмір сүруге шақырды. «Өкінішке қарай, қиын сынақтар мен дағдарыс қысымының салмағы әлсіремей тұр. Мұны сіздер де білуге тиіссіздер. Бірақ та мынаған сенімді болуға тиіссіздер, біз бұл сынақтарға дайын ғана емеспіз. Біз оларды еңсереміз және осы дағдарыстан әлдеқайда күшті және өркенді мемлекет болып шығамыз. Біз әлемдік қауымдастықтағы өз ұстанымымызды сақтаймыз» деген болатын бір сөзінде мемлекет басшысы.
Осы жылы алғаш рет елімізде Президенттің тапсырмасы бойынша «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, инфрақұрылым мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, ауыл шаруашылығы саласында шағын кәсіпкерлікті дамыту және оқыту мен қоныс аудару арқылы жұмыспен қамту саласында қыруар жұмыс атқарылды. Міне, осы шаруалардың арқасында шалғай ауылдардың жолдары жөнделді, таза су құбырлары тартылды, ауыл жастары жұмыспен қамтылды. Ауыл ажары ашылып, тініс тіршілігі жақсаа түсті. Бұл жұмыстар күні бүгінге дейін жалғасуда. Мемлекет басшысының бастамасымен құрылып, ел үкіметінің аса зор жауапкершілігімен орындалған мемлекеттік бағдарлама өзінің жемісін берді. Оны әрбір қазақстандықтар біліп отыр.
Өкінішке қарай, биылғы жылы әлемнің алпауыт елдерінің өзі қаржылық тапшылыққа тап болуда. Жаһандық дағдарыс біздің мемлекетімізді де айналып өтпесі анық. Бір шеті сезіліп те жатыр. Міне, Елбасымыз халықты осынау сын қатерлерден аман алып қалу мақсатында тағы да өз Жолдауын ұсынды. Мұнда да баянды бағдарламалар, жақсы әрі ірі жобалар жүзеге асырылатыны айтылған. Соған бір ғана мысал келтіре кетсек, келер жылдан бастап шетелден инвесторларды көптеп тартуға көңіл бөлуді тапсырды. Өйткені экономикалық болашағы зор қуаты мықты елдермен байланыс жасау – дағдарыстан аман шығудың ең тиімді жолы. Осыны дұрыс түсінген жөн. Сондай-ақ, дағдарысқа жұтылып кетпеудің тағы бір жолы – өз еліміздің азаматтарын әртүрлі техникалық мамандықтарға дайындап, халықты жаппайы еңбекке тарту. Мәселен, 2016 жылдан бастап, жастарымызға білім алу жеңілдейді. Яғни, мектеп оқушылары жоғары оқу орындарына жинаған ұпайлары жетпей қалған жағдайда ақылы оқимын деп отбасын шаршатпайды. Техникалық білім беретін колледждерден тегін білім алып қана, өздерінің қалаған мамандықтарын меңгеріп шығады. Осылайша, еліміздің білім беру жүйесі жетілдіріліп, жастардың мамандық игеруі жеңілдейді. Бұл дегеніміз қарапайым халық арасындағы жұмыссыздықты азайтады. Ал, жұмыссыздар жоқ елдің халқы бай, мемлекеттің экономикалық қуаты мықты болмақ.
Осының барлығы еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен іске асқан игілікті істің бір көрінісі ғана...
Марат Серікбай
