Театрға бірге бармаймыз, ол қарайтын киноларға мен қызықпаймын.
Театрға бірге бармаймыз, ол қарайтын киноларға мен қызықпаймын. Ол футболды жанындай жақсы көреді, мен теледидарға шұқшиғанды ұнатпаймын. Оның плейпарақшасында - батыстың әні, ал мен болсам терме тыңдаймын. Мен - романтик, ол - пофигист. Бірақ бастысы - бұл емес. Біздің талғамдарымыздың бірдей болуы міндетті де емес, маңызды да емес.
#жақсықыз - ға осыны ешкім түсіндірмепті. Бүкіл қараған кинолары, оқыған романдары жігітті тек идеал кейіпте көрсетумен шектелсе керек. Тіпті жағымсыз бір олқылықтары болып жатса да, оны экран "дерзость", "брутальность", "сексуальность", құдайым-ау, тағы сондай сияқты онтайлы образда көрсетіп отырғаны тағы бар. Бірақ бұл өмір, #детка! Телик емес!
Жалғыз қалғың келмесе, оны 100% қабылда. Минусымен, плюсымен. Ал қабылдай алмайсың ба, қоңырқай кештерде шамдары сәл қараңғылау кальян иісі бұрқыраған аса қымбат емес кафеде өзің сияқты құрбыңмен "жақсы жігіт жоқ!", "жіігттердің бәрі онбаған" желісіндегі көңілсіз әңгіме-сауық-сайран өміріңе қайтып орала бер!!!
