Мазмұнға өту

Жаңа

Ғарышкерлер күні

2016 жылдың 12 сәуірінде «Қаһарман жастар орталығы» КММ-сі Шарбақты ауданының кәсіподақ ұжымымен бірлесе отырып, жас мамандарға арналған КТК өткізді.

Дәл осы күні, 12 сәуірдің жұлдызында 55 жыл бұрын әлемдегі тың жаңалықты тудырып, Юрий Гагарин ғарышқа ұшты. Бұл КТК-ға бес команда қатысып, өнер көрсетті. Бірінші орынды өз тапқырлығымен әділ қазылар мүшесін таң қалдырған №1 жалпы орта білім беру мектебінің «Звездная шестерка» командасы иеленді. Ойын нәтижесінде жеңімпаздар мадақтау қағаздарымен және құнды сыйлықтармен марапатталды.

1
0
1000

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

2016 жылғы 13 cәуірде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы- Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қ.А.Жапақовтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, онда мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істер қаралды.

Ақкөл  ауданы Новорыбинский ауылдық округінің әкімі Қ.С. Бапишевке қатысты тәртіптік іс қаралды, ол шарттың талаптарын бұзып, «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қараөзек ауылындағы су құбырының жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын әзірлеу бойынша нақты орындалмаған жұмыстарға толық төлемді іске асырды, осының нәтижесінде, кәсіпкерлік және кіріс алумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруда кәсіпкерлік субъектілеріне құқыққа сыйымсыз қолдау көрсеткен.

Ақкөл  ауданы Урюпинский ауылдық округінің әкімі Ж.А. Салыбековке қатысты тәртіптік іс қаралды, ол  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 1-тармағының 4) және                              5) тармақшаларының талаптарын бұзып, жеңіл автокөлік сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде кәсіпкерлік және кіріс алумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруда «БИПЭК Авто» ЖШС-ға  құқыққа сыйымсыз қолдау көрсеткен.

«Ақкөл ауданының білім  бөлімі» ММ-нің басшысы Е.Ж. Қайыржановқа қатысты тәртіптік іс қаралды, ол «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларының талаптарын бұзып, ЖК Г.В. Воронектің, Н.Г. Калашникованың, Г.Н. Әкімбаеваның, А.К. Ксеубаеваның, «Қазақтелеком» АҚ-ның пайдасына,  аталған кәсіпкерлік субъектілерінің коммуналдық қызметтерді  заңсыз төлеуінде көрініс тапқан кәсіпкерлік және кіріс алумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруда кәсіпкерлік субъектілеріне құқыққа сыйымсыз қолдау көрсеткен.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы Ереженің 7-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес, қызметтік тәртібін нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың профилактикасы жөнінде «Ақмола облысы әкімінің аппараты»  ММ-нің мемлекеттік қызметтерді ұсынуды талдау бөлімінің басшысы Д.Ғ. Жұмабектің,  Жақсы ауданының әкімі Қ.О. Сүйіндіковтың, «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің басшысы Г.Е. Құлышеваның есептері тыңдалды.

Қарау нәтижелері бойынша Әдеп жөніндегі кеңес Қ.С. Бапишевті, Ж.А. Салыбековті, Е.Ж. Қайыржановты «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады.

   

0
0
363

«Бекіре-2016» акциясы аясында заң бұзушылардан 5 тоннадан астам балық тәркіленді

Баспасөз хабарламасы
13.04.16 ж                                                                                      Астана қ

«Бекіре-2016» акциясы аясында заң бұзушылардан  5 тоннадан астам балық тәркіленді

«Бекіре-2016» акциясы басталғаннан балық қорғау заңнамасының 120 бұзушылықтары анықталды. Заң бұзушылардан 5 тонна 187 келі балық, оның 283 келісі бекіре тұқымдас, 228 аулау құралы мен 6 жүзгіш және техникалық құралдар тәркіленген.  
Су айдындарын сүзіп шығу нәтижесінде, 100-ден астам иесіз торлар табылған. Балық аулау ережелерін бұзғандарға 933 252 теңге көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке 90 заң бұзушы тартылған. 13 қылмыстық іс қозғалды. 
Балықтардың жергілікті орындарда кедергісіз уылдырық шашуын қамтамасыз ету мақсатында  мемлекеттік инспекторлар заңсыз салынған аулау құралдарын тәркілеу үшін күн сайын су айдындарын сүзу жұмыстарын, сондай-ақ, балық шаруашылығы тоғандарында жүзу құралдарына бақылауды күшейткен.  
Анықтама:  «Бекіре» балық қорғау акциясы Атырау қаласы, Маңғыстау және Батыс-Қазақстан облыстарында 2016 жылдың 1 сәуірінен басталған болатын.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
minagripress@gmail.com
Контакты: +7(7172)555765

 
0
0
404

Более 5 тонн рыбы изъято у нарушителей в рамках акции «Бекіре-2016»

Пресс-релиз
13.04.16 г.                                                                                           г. Астана

Более 5 тонн рыбы изъято у нарушителей
в рамках акции «Бекіре-2016»

С начала акции «Бекіре-2016» выявлено 120 нарушений рыбоохранного законодательства. У нарушителей изъято 5 тонн 187 кг рыбы, из них 283 кг осетровых видов, 228 орудий лова и 6 плавательных и транспортных средств.
В результате траления водоемов изъято более 100 бесхозных сетей. Привлечено к административной ответственности 90 нарушителей Правил рыболовста, на которых наложен штраф на сумму 933 252 тенге. Возбуждено 13 уголовных дел.
В целях обеспечения беспряпетственного кедергісіз, бөгетсіз прохода рыбы к местам нереста уылдырық, государственными инспекторами осуществляется ежедневное траление водоемов для изъятия незаконно вставленных орудий лова, а также приняты меры по усилению контроля за движением плавательных средств на рыбохозяйственных водоемах.
Справочно:Рыбоохранная акция «Бекіре» стартовала 1 апреля 2016 года в Атырауской, Мангыстауской и Западно-Казахстанской областях.

Пресс-служба МСХ
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

 
0
0
277

Жергілікті полиция қызметінің бастығы азаматтарды қабылдау жүргізді

Халықпен өзара іс-қимыл жасасуды және полиция қызметінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі Қалижан Қобландин Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының №9 учаскелік полиция пункінде Шұғыла мөлтек ауданының тұрғындарымен кездесті.

Қабылдау барысында тұрғындардың өздерін мазалаған мәселелері бойынша сауалдары және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, әкімшілік аумақтағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатындағы ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Жергілікті полиция қызметінің бастығы Қ.Қобландин жеке қабылдауға келген азаматтардың әрқайсысымен жеке-жеке кездесіп, оларды толғандырған мәселелерін тыңдап, толыққанды жауаптар берді. Полиция қызметі – халықтың сенімі арқылы өлшенетінін айта келіп, түйткілді мәселелерін шешуге тырысатынын жеткізді.

Шұғыла мөлтек ауданы тұрғындары өзіне жүктелген күрделі істі атқарып жүрген полиция қызметкерлерінің жұмысын бағалай келе, тәртіп сақшыларының жұмысын жан-жақты жариялауға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты халыққа жеткізу жұмыстары жалғасын табатынына сенім білдірді.

Айта кетерлік жайт, Жергілікті полиция қызметі осы бағыттағы халықпен кездесу және азаматтарды қабылдау шараларын қаламыздың және аудандардың барлық полиция пунктерінде өткізуді жоспарлауда.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
955

«Сыбайлас жемқорлықтың не екенін білесіңдер ме?»

Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Көкшетау қаласының №12 орта мектебінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасымен өткізілетін   жыл сайынғы «Адал жол-Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафонының шеңберінде Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығы  балалардың қатысуымен «Взгляд снизу» атты бейнеролик түсірді. Роликті айшықтаған басты  сауал «Сыбайлас жемқорлықтың не екенін білесіңдер ме?».

Ролик мектеп жасындағвы балаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуге бағытталған. Басты мақсаты –  өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсінікті қалыптастыру.

 

0
0
399

17 жылда қазақстандықтардың ынтымақты зейнетақысының орташа көлемі 9,4 есеге ұлғайды

1999-2015 жылдар аралығында Қазақстанда ынтымақты зейнетақының орташа көлемі 9,4 есеге ұлғайды. 1999 жылы ынтымақты зейнетақының орташа көлемі 4 мың 179 теңге болды, 2015 жылы аталған көрсеткіш 39 мың 379 теңгені құрады.

Көрсетілген кезеңде зейнетақы шығындары 1999 жылы 99,1 млрд.теңгеден 2015 жылы 918,4 млрд. теңгеге дейін 9,3 есеге жуық өсті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы ынтымақты зейнетақының көлемі жыл сайын инфляция деңгейінен 2% басым көрсеткішпен индекстеледі. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы төлемдері 9%-ға өсті. Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 1,9 млн. зейнеткер бар.

 
0
0
258

Кең даласы әкемнің,құшағынан аумаған...

Туған жерім,мен перзентің боламын, 
Сенде туып,сенде өскен баламын. 
Сағыныштан ой мазалап мені көп 
Өзің жайлы сыр жазуды қаладым... 

Сағыныш...Бір ғана сөздің ішінде қандай мағына жатқанына таң қаласың.Адам баласы болған соң әртүрлі сезім жетегінде жүреміз ғой,шіркін.Қазіргі сәттегі күйімді сағыныш деген сөз ғана сипаттай алады...Түн ұйқым ұзақ ойға жалғасып барады... 
Оқушы кезім.Күн сайын мектепке барып,келіп ҰБТ дейтін үлкен сынаққа дайындалып жүрген шағым.Сол кезде өмірдегі ең маңызды сынағым деп ойлағаным ақымақтық екенін уақыттың өзі дәлелдеп берді...Пенде болған соң қателеспей тұрмайтынымыз рас екен.Сол сынақтан сүрінгендегі күйімді айтудың өзі артық болар еді.Өмірімнің бар мағынасы кеткендей болып,өзімді ұзақ уақытқа жоғалтып алғаным-ай...Бар уайымым,қайғым сол болған еді. «Уақыт-емші» деп бекер айтпаған екен.«Болған іске өкінбек жоқ»деп алға адым басуымды тоқтатпадым.Нәтижесінде ел ордасы-Астанадағы белді оқу орнына оқуға түстім.Сөйтіп анамның маған артқан сенімінің бірін ақтадым деуіме болады.Айналаны алтын түске бояған күз келіп,ызғарлы суығы ұрып тұрған Астанаға да келдім.Студенттік кездер басталып,өмірімнің жаңа бетіне қадам бастым.Ия,алғашқы сәттерде бәрі қызық,барлығы керемет болып көрінді.Жаңа жер.Жаңа қала.Жаңа достар.Бұлардың барлығын көргенде,өткенге,туған жерге деген сағыныш бойымды билеп алады деген ой үш ұйықтасам түсіме де кірмепті.Туған жерімнен кетер кезімде сағынбайтындай,қайта оралғым келмейтіндей кетіп едім...Бұл жолы да қателік деген есіктің ішіне кіріппін...Алғашқы мезгілдерде ешқандай ой болмай алаңсыз жүрген едім.Уақыт өте келе туған жерге деген сағынышым үдей берді,үдей берді...Ал қазір мен туған жердің қадірін енді түсінгендеймін.Мұңайғанда өз нұрлы сәулесімен маңдайымнан сипап:«Барлығы жақсы болады,шыда ботам!» дейтін күнін,жылағанда көз жасымды құрғатып:«Мұның барлығы артта қалады!» деп құшағына алатын самал желін,сүрінгенде қолтығымнан демеп:«Тек алға қара!»деп күш беретін қара топырағын,қуанғанда маған қосылып: «Бақытты сәттер де көп болады!»деп айтып тұратын табиғатын,күркіреп жаңбыр жауғаннан соң туған топырағымның иісін жүрегіме жеткізіп: «Перзентім менің!» деп махаббатына бөлейтін ауасын,бойындағы бар нәрін маған беріп: «Мықты бол!»дейтін суын,бәрін,бәрін қатты сағындым...Осы сәттен бастап «туған жер»деген жай ғана бір сөз емес екені,туған жердің құдіретінің қандай мықты екені,туған жер менің екінші анам екені жүрегіме енді жеткендей болды....Ойымда тек бір ғана әннің шумақтары қайталана берді,қайталана берді... 

Балғын денем балқыған, шат көңілім шалқыған туған жер, 
Анашымның ақ сүті-ау, топырағымнан аңқыған туған жер. 
Ойын қуып аунаған, жүрегімді баураған туған жер, 
Кең даласы әкемнің, құшағынан аумаған туған жер!
Туған жер…

 


 
0
0
769