Сенімді өкілдердің сайлауалды кездесуі
Бүгін ағымдағы жылдың 27 қазанында "Орион"ЖШС мен "АқсайЖаңығырту" ЖШС қызметкерлерi және аудандық әскери комисариаттың қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты, Қазақстан Республикасының Президенттiгiне кандидат - Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстыра отырып, сайлауда өз дауыстарын осы кандидатқа беру бойынша үгiт-насихат жүргізу.Шақырылған қызметкерлер сайлау туралы, азық -түлiк тауарларының қымбатшылығы өз ойларымен бөлісті. Қ. К.Тоқаевтың "Мен ұсынып отырған сайлауалды бағдарламаның екінші басты қағидаты – ӘДІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА. Бұл халықтың, бизнестің және мемлекеттің мүддесін бірдей қорғауға негізделген әділетті экономика құру, ресурстарды тиімді пайдалану деген сөз. «Еңбегіне қарай – өнбегі» дейді халқымыз. Сондықтан, өнімді жұмыс атқа…