Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық штаб Ақжайық ауылында
Теректі аудандық штаб жетекшісі М.Ибраев, штаб мүшелері Б.Қазиханов, Ш.Какижанова Халықтық коалиция атынан ұсынылған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, “Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсысымыз үшін” атты Сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Сонымен қатар, штабтың мақсаты мен міндеттері жайлы айтты. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы әлеуметтік мәселеге терең мән беріп, халықтың көңіл-күйін сезе білетін көшбасшы екендігін айтып, кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы білім беру, халық денсаулығы сияқты маңызды тұстарына тоқталды. Ауданымызда атқарылып жатырған игі істерді алға, бұл істер мұнымен тоқтамайтынын айтып, елдің игілі мен берекесі үшін алдағы сайлауда дауыс беруге шақырды.
#Toqaev2022
