Мазмұнға өту

Жаңа

Штаб мүшелері Халыққа қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті

Кездесу барысында Президент Жолдауында айтылған айшықты ойлар мен іске асырылып жатқан байыпты істер нәтижесі жайлы сөз қозғады.

Сондай ақ алдағы өтер сайлау науқанында Қ.Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөнінде айтылып, қойылған сауалдарға жауаптар берілді.

– Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының игі бастамасына қолдау білдірушілер қатары артып жатқаны қуатты Қазақстаның әділетті қоғам құрудағы жарқын бастама.

0
0
180

Қоғамдық штаб мүшелері Бумакөл ауылдық округінің ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті

Бүгін ағымдағы жылдың 27 қазанында Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб мүшелері Бумакөл ауылдық округінің ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті. Штаб мүшелері А.Еничев пен Қ.Ермекбаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың үміткер ретінде алға қойған ауқымды міндеттері жайлы баяндап, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. - Мен ұсынып отырған сайлауалды бағдарламаның екінші басты қағидаты – ӘДІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА. Бұл халықтың, бизнестің және мемлекеттің мүддесін бірдей қорғауға негізделген әділетті экономика құру, ресурстарды тиімді пайдалану деген сөз. «Еңбегіне қарай – өнбегі» дейді халқымыз. Сондықтан, өнімді жұмыс атқаратын заманауи еңбек нарығы құрылады. Бұл халықты барынша жұмыспен қамтуға, әлеуметтік топтардың а…

0
0
162

Достық ауылдық округінде Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерімен кездесу өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сенімді өкілдері Достық ауылдық округінде Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді.Кандидаттың сенім білдірген өкілдер Б.Дюсенов және Қ.Ермекбаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың үміткер ретінде алға қойған ауқымды міндеттері туралы баяндап, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.- Алдағы үш жыл ауылдық аймақтарды барынша дамытуға арналады. Ауылдағы тұрмыстың қаладағы сияқты жайлы болуына күш саламыз. Игерілмей бос жатқан жерлерді мемлекеттің меншігіне қайтару жұмыстарын тың қарқынмен жалғастырамыз.Ауылдық жерлерді дамытудың кешенді тұжырымдамасы қабылданады. Бүкіл елімізде ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылады. Жеке қосалқы шаруашылықтардың тең жартысы соның құрамына кіреді. Ауыл шаруашылығы…

0
0
194

Кітапхана қызметкерлерімен кездесу өтті

Бүгін ағымдағы жылдың 27 қазанында аудандық қоғамдық штабтың мүшесі В.Пермитина Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасы бойынша үгіт-насихат жүргізу мақсатында кітапхана қызметкерлерімен кездесу өткізді.Кітапхана қызметкерлері сайлау жөнінде өз пікірлерімен бөлісе отырып - "Біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқы үшін осы уақытқа дейін көптеген ауқымды жұмыстар атқарып келді, сондықтан біз өзіміздің Президентіміз - Қасым-Жомарт Кемелұлына дауыс береміз", - деп айтып өтті.

#Toqaev2022

0
0
222

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесу өтті

Бүгін, ағымдағы жылдың 27 қазанында Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесу өтті. Нұрашева Дариға Кеңесбайқызы басқарып отырған ауданымыздың "Бөрлі Жаршысы" газетінің қызметкерлеріне Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы баяндалды. Газет тiлшiлерi алдағы болатын сайлау туралы ой- пiкiлерiмен бөлicтi.

Қазақстан Республикасының Президенттiгiне кандидат - Қ. К.Тоқаевтың "Алдағы үш жыл ауылдық аймақтарды барынша дамытуға арналады. Ауылдағы тұрмыстың қаладағы сияқты жайлы болуына күш саламыз. Игерілмей бос жатқан жерлерді мемлекеттің меншігіне қайтару жұмыстарын тың қарқынмен жалғастырамыз" деп айтқан сөздері жеткiзiлді.

#Тoqaev2022

0
0
224

Қоғамдық штабтың мүшелері Өлеңті ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуді аудандық қоғамдық штабтың мүшелері А.Ойшыбаева, А.Нұрмашев, А.Мурадимова, Е.Бердіғалиевтар қатысып, штабтың мақсаты мен міндеттері жайлы айтты. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы әлеуметтік мәселеге терең мән беріп, халықтың көңіл-күйін сезе білетін көшбасшы екендігін айтып, кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы білім беру, халық денсаулығы сияқты маңызды тұстарына тоқталды.

Өз кезегінде штаб мүшесі А.Ойшыбаева ауданымызда атқарылып жатырған игі істерді алға тартып, бұл істер мұнымен тоқтамайтынын айтып, елдің игілі мен берекесі үшін алдағы сайлауда дауыс беруге шақырды.

#Toqaev2022

0
0
221

"Рахат" базарында кездесу өтті

Бүгін ағымдағы жылдың 27 қазанында Ақсай қаласындағы "Рахат" базарындағы сатушылар мен базарға келген тұрғындармен кездесу өтті. Қазақстан Республикасының Президенттiгiне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдауға арналған қоғамдық штабына енген "Ақжол" партиясының өкілі Дүйсенов Серiк Чапайұлы да қатысты. Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сонымен қатар Қ.К Тоқаевтың «Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидасы мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала береді. Өңірлік саясат әділетті болса, ірі қалалардағы және шағын ауылдардағы жұрт жайлы өмір сүреді. Елімізде алдағы 7 жылда 111 миллион шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға беріледі. Үлескерлерді тығырыққа тіреген даулы үйлердің құрылысы түгел аяқталады" деп айтқан сөздері жеткiзiлді."Рахат" базарында кездескен қаламызд…

0
0
259

Штаб мүшелері Жымпиты ауылы тұрғындарымен кездесті

Кездесуде штаб төрағасыТ.Даргужиев пен штаб мүшелері А.Ойшыбаева, А.Мурадимова, Ғ.Каналиев кандидаттың сайлауалды бағдарламасының басымдықтарына кеңінен тоқталып, бағдар­ла­мада халықтың әл-ауқатын арт­­тыру, білім беру, медицина сапасын жақсарту сияқты басым бағыттар нақты көрсетілген жеткізді.

Кездесу соңында Ғ.Каналиев тұрғындарды 20 қараша күні өтетін президенттік сайлаудан қалыс қалмай, ел болашағы үшін дауыс беруге шақырды.

#Toqaev2022

0
0
247

"Қазпочта" қызметкерлерімен кездесу өтті

Бүгін ағымдағы жылдың 27 қазанында "Қазпочта" қызметкерлерімен кездесу өтті.

Қазақстан Республикасының Президенттiгiне кандидат - Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстырылды.Почта қызметкерлерi сайлау туралы ой-пiкiрлерiмен бөлiстi.

Қ.Тоқаевтың

«Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидасы мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала береді. Өңірлік саясат әділетті болса, ірі қалалардағы және шағын ауылдардағы жұрт жайлы өмір сүреді.

Елімізде алдағы 7 жылда 111 миллион шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға беріледі. Үлескерлерді тығырыққа тіреген даулы үйлердің құрылысы түгел аяқталады" деген сөздерi айтылды.

Қызметкерлер сайлауға қатысып өз таңдауларын жасайтынын айтты.

0
0
287