Қ.Қ.Тоқаевқа дауыс беру арқылы Әділ Қазақстанды таңдайсыз!
2022 жылдың 20 қарашасында өтетін кезектен тыс Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына орай Көкшетау қалалық №5 орта мектебінің ұстаздар қауымымен кездескен қалалық штаб мүшесі, сенімді өкіл Игорь Плюснин Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қ.Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, дауыс беруге шақырды.«Мен бүгін сіздердің алдарыңызға Қазақстан Президенттігіне кандидат Қ.Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын тісіндіру бағытында келіп тұрмын. Бәріңізге белгілі 26 қазанда Президенттікке кандидат Қазақстан Республикасының қазіргі Президенті Қ.Қ.Тоқаевпен аймақтардағы сайлау штабтарында кездесу өтіп, бірінші кезекте әлеуметтік-экономикалық дамуға баса мән берілген Президент өзі жазған сайлауалды бағдарламасы таныстырылды», деген Игорь Плюснин, кандидаттың экологи…