Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Мәжiлiс 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджетті қарауды бастады

Бүгiн Мәжiлiстiң жалпы отырысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен бiрқатар заң жобасы жұмысқа қабылданды.

Оның iшiнде «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасы бар. Қарастырылып отырған өзгерiстер дағдарысқа қарсы iс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Қаржы және бюджет комитетi аталған заң жобасы 2016 жылғы 18 қазанға дейiн қорытынды әзiрлеуге дайын.  «2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы да жұмысқа қабылданды.

Сондай-ақ,  депутаттар Ұлттық қордан 2016-2018 жылдары республикалық бюджетке берiлетiн кепiлдендiрiлген трансферттiң мөлшерiн азайтуды көздейтiн заң жобасын қарастырады. Айта кетейiк, таяуда өткен Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында Президент Ұлттық қордағы қаражатты сақтау үшiн трансферттердi

Мәжіліс Спикері атап өткендей, аталған ұйым бүкіл әлемде бюджет ашықтығы мен бақылауды қамтамасыз етуге өлшеусіз үлес қосып келеді. Н. Нығматулин ұйымның осы саладағы зерттеулерінің шынайы әрі тәуелсіз екенін алға тарта келіп, барлық бюджеттік бағдарламаларды қарайтын Парламент үшін бюджеттің ашықтығы мен бақылау тиімділігін арттыратын ұсынымдарды зерделеудің маңыздылығы зор екенін айтты.

Осы ретте Мәжіліс Төрағасы: -Алтыншы сайланған Парламенттің екінші сессиясының ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет пен Парламенттің алдына бюджет қаржыларын игеруде қатаң бақылау мен заң шығармашылық қызметінің барынша ашықтығын қамтамасыз етуді тапсырды. Қазіргі уақытта Мәжілісте заң жобаларын қараудың мүлдем жаңа тәртібі енгізілді,-деді. Одан әрі Палата Төрағасы Мәжіліс қарауына түскен еліміздің негізгі қаржылық құжаттары жайында баяндады.

Биыл тәуелсіздіктің 25 жылдығын қарсы алғалы отырған Қазақстанның экономикалық жетістіктерін де назардан тыс қалдырмады. Өз кезегінде мейман біздің мемлекетіміздің даму қарқынына ерекше көңіл бөліп, Парламент жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету шараларына жоғары баға берді. Н. Нығматулин Клэр Шутенге мазмұнды кездесу үшін алғысын білдіріп, алдағы бірлескен жұмыс Қазақстан бюджетінің тиімділігі мен ұтымдылығын бұрынғыдан арттыра түсетініне сенім білдірді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
550

Осы тақырып бойынша

Мәжiлiс 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджетті қарауды бастады - Yvision.kz