Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан кітапхана қорын сандық форматқа ауыстыру арқылы мәдени мұраға қамқорлық жасап отыр – Пентелей

Астана қаласында өтіп жатқан Халықаралық Конгресте Молдавия Республикасының Ұлттық кітапхана директоры Елена Пентелей қазақстандық кітапханаларда қолданысқа ие болып отырған жоғары технологияларға деген таңданысын айтты. «Бүгінге дейін Қазақстан кітапханалары туралы біздің басылымдардан біліп отырдым. Бүгін мен олардың жетістіктеріне қатты таңданып отырмын. Кітапхана қорларының сандық форматқа аударылуы Қазақстанның өз мәдени мұраларына деген қамқорлығын көрсетеді. Яғни, интернетке қолжетімді болса, адамдар 24 сағат бойы Қазақстан кітапханаларының қорына қолжетімді бола алады. Бұл мені қатты қызықтырады және өз басым Ұлттық электронды кітапханамыздың контентімен танысуға тырысамын. Сіздер сандық форматқа ауысуда жоғары технологияларды қолданасыздар, сонымен қатар, ғылыми жұмыскерлеріңізге…

0
0
621

Универсиада-2017-ні өткізу — Қазақстанның айрықша жетістігінің бірі — FISU

Алматыға Халықаралық студенттер спорты федерациясы (FISU) президенті Олег Матыцин бастаған делегация мен АҚШ, Ресей, ҚХР, Жапония, Ұлыбритании, Германия, Италия, Франция, Канада, Корея Республикасы, Швеция, Польша және тағы басқа елдердің студенттер спорты федерациясының басшылары келді. Олар 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындықпен танысады, деп хабарлады Универсиаданы ұйымдастыру дирекциясы. Алматыда 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға қатысушы мемлекеттер делегациялары басшыларының жұмыс кездесуі өтуде. Жиын барысында халықаралық жарысқа дайындық пен оны өткізудегі мәселелер талқылануда. Кездесуді аша отырып, қала әкімі Бауыржан Байбек жарыстарға дайындық жақсы жүруде деп атап өтті, сондай-ақ, спорт нысандары мерзімінен 1,5 ай бұрын тапсырылып, алдағы…

0
0
263

Ауыл шаруашылығы астық мәдениетін өңдеу әдісін өзгертуді жоспарлауда

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облысына баспасөз-турын ұйымдастырды. Шара барысында 2016 жылдың егін жинау науқаны көрсетілді. ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов сөз сөйледі. «Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы шамамен 21,7 млн га құрады. Бұл алдыңғы жылғы көлемнен 445,1 мың га артық. Жалпы егіс алқаптарының өлшемінде дәнді дақылдардың үлесі – 15,4 млн. га, майлы дақылдар – 2,0 млн. га, бақшалық өнімдер мен картоп – 426,7 млн га», – деп атап өтті Қ.Айтуғанов. Оның айтуынша, қант қызылшасы 12,9 мың га, мақта 109,6 мың га аумаққа егілген. Бүгінде еліміздің барлық аймағында жаппай егін ору науқаны жүріп жатыр. Айталық, 15 қыркүйектегі жағдай бойынша 9667,1 мың га орылып, 14,4 млн. тонна өнім бастырылды. Еліміздің астықты облыстарында (Қ…

0
0
229

Қазақстанда гендерлік бюджетті енгізу жоспарланған

Астанада 2030 жылға дейін отбасы және гендерлік саясаттың жаңа тұжырымдамасы мен гендерлік бюджетті енгізу таныстырылды. «Биыл Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру аяқталады. Мемлекет басшысы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат бойынша Ұлттық комиссияға ҚР Үкіметімен бірге 2030 жылға дейінгі кезеңге еліміздің отбасы және гендерлік саясат тұжырымдамасының жобасын әзірлеуге тапсырма берді»,-деп ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат бойынша Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко мәлімдеді. Жобаны дайындау жұмысымен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жанындағы арнайы комиссия айналысты. «Аталмыш тұжырымдамада Мемлекет басшысымен «Қазақстан-2050» Стратегиясында, Ұлт жоспары «100 нақ…

0
0
712

2017-2019 жылдарға арналған Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 8, 6 трлн теңгені құрайды

ҚР Парламенті Мәжілісінде Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 2017-2021 жылдарға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 – 2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» және «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2017 – 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Заң жобаларын ұсынды. Өз сөзінде Қ.Бишімбаев 2017 – 2021 жылдарға арналған еліміздің әлеуметтік – экономикалық даму болжамы 2016 жылға арналған жалпы ішкі өнімді бағалауды нақтылау, кейіннен 2021 жылға қарай бір АҚШ долларына 340 теңгеге дейін нығайтумен, 2017 – 2019 жылдары бір АҚШ долларына 360 теңге деңгейінде алынған есептік бағамы негізінде әзірленгенін атап к…

0
0
477

Астананың коммуналдық қызметтері алдағы жылыту маусымына 100 пайыз дайын

Астана әкімі Әсет Исекешев қалалық коммуналдық кәсіпорындар басшыларының, аудан әкімдерінің, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт басқармаларының алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері бойынша есептерін тыңдады, деп хабарлады қала әкімдігі. «Теплотранзит» АҚ мәліметінше, қалалық денсаулық сақтау, білім және мәдениет нысандары 100%, тұрғын үй қоры 97%-ға дайын. «Алматы» ауданындағы 1070 үйдің 1050-і немесе жалпы санының 98% дайын. «Есіл» ауданындағы 258 үйдің 239-ында (93%) дайындық жұмыстары аяқталды, «Сарыарқа» ауданында 927 үйдің 914-і (99%) қысқа дайын. Елорданың үш ауданындағы қалған үйлерде тұрғындардың ықылассыздығынан, сондай-ақ, мақсатты қаржыны жинау қарқынының төмендігінен жұмыстар кестеден кешіктіріліп жатыр. «Астана Теплотранзит» АҚ және «Астана қаласының тұрғын ү…

0
0
354

ҚР ҚК әскери полигондарының инфрақұрылымын дамыту оң нәтижелер беруде

ҚР Қарулы Күштерінде ірі әскери полигондардың инфрақұрылымын дамыту мен жөндеу және әскери нысандарды қайта құру жөнінде белсенді жұмыс жүргізілуде, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Биылғы жылы Қазақстан аумағында алғаш рет өткен Армия халықаралық ойныдарына дайындалу шеңберінде ең алдымен, жұмыс инфрақұрылымды қалпына келтіруге бағытталды. Электр қуатының үздіксіз берілуі, трансформаторларды орната отырып, екінші резервтік тораптың салынуы қамтамасыз етілді, ауылдық елді мекенде, облыстық маңызы бар жолда орташа күрделі жөндеу, республикалық маңызы бар жолда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді Гвардейск кентінде 10 мың шаршы метр асфальт төселді. Ойындардың өткізілуі жүздеген адамды жұмыспен қамтып қана қоймай, сонымен бірге, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын…

0
0
202

Ұсақ жемқорлық немесе жасаған жақсылық үшін алғыс

А.ж. 13 қыркүйекте Егіндікөл ауданында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол –Честный путь» марафоны аясында    «Ұсақ  жемқорлық немесе жасаған жақсылық үшін алғыс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты: қоғамдық санада қалыптасқанстереотиптерді өзгерту, сыбайлас жемқорлықтың кез келген жағдайына төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру. Осы маңызды және көкейтесті тақырыпты талқылауға аудандық кітапхана оқырмандары және   10-11-сынып оқушылары  қатысты. Ұсақ жемқорлық деген не? Ұсақ жемқорлар жегеніміз кімдер?  Жиналғандар ұсақ жемқорлықты жеңуге бола ма? - деген сұрақтар бойынша барынша пікір таластыруға тырысты.

Іс-шараға 13 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
383

Мемлекеттік сатып алудағы айқындық

А.ж. 13 қыркүйекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалжол – Честный путь» марафоны аясында «Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезіндегі тазалық» тақырыбына семинар өткізілді.

Іс-шараны Егіндік өлауданының экономика және қаржы бөлімі ұйымдастырды. Семинарға аудан әкімінің орынбасарлары З.Жұматова, Ж.Жақанов, аудандық қызмет басшылары мен мамандары қатысты.

Экономика және қаржы бөлімінің басшысы С.Придан қатысушыларды «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының тиісінше орындалуы, мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бұзушылықтарға жолбермеу туралы түсінікті түрде ақпараттандырды. С.Придан семинар барысында туындаған барлық сұрақтарға жауап берді.

Департамент госслужбы

0
0
359

Астанада WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Астанада WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионат жеңімпаздарының марапаттау рәсімі өтті. «Қазақстан» орталық концерт залында WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының салтанатты түрде жабылу рәсімі өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстанның жұмысшы мамандықтары бойынша ұлттық құрамасы құрылды. Олар 1-3 желтоқсан айында Швецияның Гетеборг қаласында өтетін EuroSkills чемпионатына алғаш рет қатысады, деп xабарлайды Bnews.kz тілшісі. Байқауға еліміздің 14 өңірінен және Астана, Алматы қалаларынан келген 140 үміткер қатысты. Олар 3 күн бойы WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатында 15 құзыреттілік бойынша сайысқа түсті. Қатысушылар сынға түскен мамандықтарды атап өтсек: мейрамхана ісі (аспазшы), мейрамхана сервисі (даяшы), кондитер ісі, шаштараз ісі, желілік және жүйелік басқару, веб-қ…

0
0
824