Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстанның электр станцияларының отын қоймаларында 3 млн тоннадан астам көмір жинақталған

Қазіргі кезде Республикамызда электр қуатын өндіру сағатына 63 млрд. киловатты, бұл ретте тұтыну сағатына 61,9 млрд. киловатты құрайды, бұл көрсеткіштер өткен жылдың деңгейіне сәйкес келеді, деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Тұтас алғанда Қазақстанның энергетика кәсіпорындарында алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық ұйымдасқан түрде өтіп жатыр. Сонымен қатар, шарттар мен кестелерге сәйкес, электр және жылу қуатын тұтынушыға жеткізу тұрақты қамтамасыз етіледі.

Қазіргі кезде электр станциялардың отын қоймаларында 3,2 млн. тонна көмір және 122 мың тонна мазут жинақталған.

2016 жылға Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесі электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеудің бекітілген кестесіне сәйкес, 2016-2017 жж. күзгі-қысқы кезеңде елдің тұтынушыларын тұрақты энергиямен жабдықтау үшін, 9 энергоблок, 56 энергетикалық қазан және 39 турбинаны күрделі және кеңейтілген жөндеу жұмыстары қарастырылған. Қазіргі уақытта 3 энергоблокта, 25 қазанда және 17 турбинада жұмыстар аяқталған, 26,1 мың км электр беру желісі жөнделген.

Қалған уақытта, алдағы күзгі-қысқы кезең басталмас бұрын Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бірқатар шаралар өткізу қажет.

Бұдан басқа, қазіргі күнге энергия өндіруші ұйымдардың «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ алдындағы берілген газ үшін кешіктірілген төлемдері 2,2 млрд. теңгені құрайды, ал «Богатырь Көмір» АҚ алдында көмір үшін – 569 млн. теңге.

Алдағы күзгі-қысқы кезеңге өтуге дайындық мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінде және Энергетика министрлігінде өткізілетін селекторлық мәжілістерде қарастырылып жатыр.

Өңірлердің энергетикалық сала және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының дайындық жағдайын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен құрылған жұмыс топтары сол жерге барып қарастырады.

Өз кезегінде, елдің энергия өндіруші және энергия беруші компанияларында, осы кәсіпорындардың күзгі-қысқы жағдайда жұмысқа дайындығын қарастыру бойынша комиссиялар құрылған.

Осы комиссиялардың мәліметтерінің негізінде, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі қазанда тиісті әзірлік паспортын беру мәселесін қарастырады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
361

Астанада 12 мың бірінші сынып оқушысы көлік карталарына ие болады

Бүгінгі таңда ASTRA PLAT жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесін енгізу, Астана қаласының қоғамдық көліктер саласының дамуындағы маңызды мәселелердің бірі.

Астана қаласы мектептерінде биылғы жылдың күзінде мектеп көлік картасын беру жұмыстары жүреді. Мектеп көлік картасын тек ASTRA PLAT арнайы мектеп порталында тіркелген оқушылар ғана ала алады. ASTRA PLAT мектеп порталымен жұмыс істейтін арнайы жауапты маман бекітілген.

Жаңа оқу жылының басталуына байланысты Астанада 12 000 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған, міне, осы балаларға көлік карталарын беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, елордалық орта білім беретін мекемелерде өткен оқу жылының соңында кейбір оқушылар көлік карталарын алып кетуге үлгермеген.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың көктемінде жүргізілген дайындық жұмыстары аясында Астанада 78 000 оқушы көлік картасын  алды, оны ASTRA PLAT жүйесінің екінші және кезекті кезеңдері іске қосылғанда пайдалана алады. Оқушылар балаларға арналған тарифты енгізіп, бонус ретінде бір автобустан екіншісіне тегін ауысып отыра алады.

ASTRA PLAT жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесін енгізудің барлық кезеңі іске қосылғанша оқушылар қаланың қоғамдық көліктерінде жол ақысын қолма-қол төлеулеріне (толық билеттің 50%) немесе қағаз жол жүру билетін көрсетулеріне болады.

Егер мектеп көлік картасы жоғалған болса, оны ASTRA PLAT жүйесінің екінші кезеңі іске қосылғанда қайта жасатуға болады. Ата-ана баласымен бірге арнайы кассаларға келіп, бірінші берілген картаның ақысы 400 теңгені төлеп, жаңасын ала алады (өзімен бірге туу туралы куәлігі және ата-ананың жеке құжаттары болуы тиіс).

ASTRA PLAT жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесін енгізудің әрбір кезеңінде оның жұмыс істеу қағидасы мен қолдануы, бонустары мен карточканы дұрыс пайдалануы жайлы толық ақпарат беріліп, жүргізілген әлеуметтік сауалнамалар нәтижелері жарияланады.

Алдын ала жүргізілген бақылаудан ASTRA PLAT жүйесінің бірінші кезеңінің енгізілуі жолаушылар тарапынан жақсы қабылданғанын көруге болады. Бұл Астана қаласының көлік саласының даму тарихында бірінші рет қала маңына қатынайтын автобустарда жол ақысы орташа есеппен 50 теңгеге, кейбір аймақтарға, мысалы, Бабатайға 120 теңгеге, Аршалыға 100 теңгеге арзандағанымен байланысты. Тарифтер саны 84-тен 5-ке дейін қысқарды. Әлеуметтік жеңілдіктерге ие азаматтарға тегін жүруге мүмкіндік берілді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
637

Ақтөбеде медициналық көмек көрсететін бірыңғай диспетчерлік орталық ашылады

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева Ақтөбе облысындағы мемлекеттік -жеке меншік серіктестік жобаларымен танысты, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Нысандарды аралау барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мемлекеттік -жеке меншік серіктестік аясында тартылған инвестициялар  жоғары медициналық кластердің қалыптасуына әсер ететіндігін мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің алғашқы күніне бастап медицинаға зор көңіл бөлді. Бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қабылданды.  Ел бойынша бағдарламалар аясында мыңдаған медициналық мекемелер салынды. Бүгінде денсаулық сақтау саласы айтарлықтай алға жылжығанын көріп отырмыз», - деді Б. Сапарбаев.

Ақтөбедегі «Дару» оңалту орталығының маңынан «Дару жарығы» офтальмологиялық орталығы салынып жатыр. Мұнда еуропалық аппараттар әкелініп, күрделі ота жасалатын болады. Сонымен қатар, Батыс-2 ауданында облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы бой көтереді. Екі емдеу орталығының құрылысымен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева танысты.

Бұған дейін еліміздің батыс өңіріндегі науқастар көз ауруларын емдеу үшін Орынборға барып немесе ресейлік дәрігерлер Ақтөбеге келгенде қабылдауына арнайы жазылатын еді. Қиындық артта қалып, науқастар келер жылдан бастап жергілікті ақ халаттылардың көмегіне жүгінеді. Жақында «Дару» оңалту орталығы жанынан «Дару жарығы» офтальмологиялық орталығының құрылысы басталды. Жоба құны – 3 миллиард теңге. Қазір орталықтың іргетасы қаланып, қабырғасы тұрғызылып жатыр. Нысанның жұмысымен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, академик Жақсылық Досқалиев пен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева танысты. Бұл орталық 60 кереуетті. Емхана күніне 500 адамды қабылдай алады. Барлығы 150-ден астам адам жұмыс істейтін болады.

«Орталыққа қажетті медициналық аппараттар АҚШ, Германия, Жапония елдерінен әкелінеді. Мамандар арнайы оқытылып, тәжірибе жинайды. Мұнда жеңіл әрі жасанды көз салу отасы да жасалмақ. Балалар мен ересектер мемлекеттік тапсырыс аясында тегін емделеді»,- дейді «Дару» оңалту орталығының директоры Ғалымжан Елеуов.

Сонымен қатар, бұл жерде Аллергиялық орталық та салынады. Бұл келер жылдың жұмысы. Медициналық кластер аясында салынып жатқан кешенді емдеу орталықтары үшін жатақхана қажет. Ұсынысты өңір басшысы Бердібек Сапарбаев министрлік өкілі Аида Құрманғалиеваға жеткізді. Мұнан кейін халықаралық форумға қатысушылар мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында құрылысы жүріп жатқан жедел жәрдем бекетіне барды. Қазір су жаңа 14 көлік келіп тұр. Құжаттары рәсімделген соң қаладағы жедел жәрдем бекеттеріне пайдалануға беріледі.

«Бастысы мұнда жедел көмек көрсетуге барлық жағдай жасалады. Дәрігерлердің тынығатын орны, науқастарды қабылдайтын бөлім қарастырылған. Жаңа көлік пен соңғы үлгідегі технология адам өмірін сақтап қалуға септігін тигізбек»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, жедел жәрдем бекетін түрік инвесторлары салып жатыр. Мұнда тікұшақ қонатын алаң, автотұрақтар да болады. Дәрігерлердің тынығу орны мен арнайы ақпарат қабылдау бөлмелері қарастырылған. Есеп бойынша жедел жәрдем бригадасы жылына 150 мың шақыртуға барады. Соңғы технологиямен жабдықталған 35 көлік әкелініп, шақыртуға бару уақыты 10-15 минутқа дейін қысқарады. Келісім бойынша биыл гараж бен Caall орталықтың құрылысы аяқталады. Ал келер жылы толықтай іске қосылады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
421

Молданазар и его новая песня «Өзің ғана»

Не так давно я впервые побывала на концерте Галымжана Молданазара. Ощущения были волшебные. Романтика теплого летнего вечера, благодарная публика и, конечно же, талантливейший парень, творческое видение которого заставляет по-новому взглянуть на музыку отечественного производства. Музыкой Молданазара хочется гордиться, хочется делиться, чтобы как можно больше народу вышло из неведения и тоже влюбилось в эти песни на прекрасном казахском языке.

Во время концерта с моих уст не сходила улыбка. Настолько душевно были исполнены композиции, настолько была уютная и теплая атмосфера. Люди поддерживали исполнителя такими криками как "молодец!", "давай, братишка!", как будто на сцене выступает не посторонний, а кто-то совсем родной. Чувствовалось, что публика переживает, болеет и переполняется гордостью за своего соотечественника.

 

 

Сразу после концерта я прошерстила интернет и к своей большой печали не нашла ни одной новой песни. На концерте было исполнено много отличных песен, которые нигде невозможно было найти. Новый альбом еще не выпущен, но по количеству материала можно предположить, что ждать осталось не так долго. Также мне кажется, что альбом будет очень романтичный, с томным оттенком советского ретро и преобладанием живого звука над электроникой.

И вот свершилось! Новая песня, вдобавок еще и клип - счастье!

Клип печальный, как и сама песня. Посыл у клипа хороший - заставляет задуматься о старшем поколении, о том, что нужно заботиться и не забывать о тех, кому нужна помощь. Как я поняла из предистории клипа, съемки проходили в доме ветеранов с приглашением участия его настоящих жителей, что почему-то делает клип еще грустнее.

После просмотра клипа появляются мысли о быстротечности молодости, о хрупкости времени. О том, что человек лишь пылинка в этой огромной вселенной, и никому нет дела, что с лица незаметно уходит красота, тело меняется, близкие уходят и человек остается с собой один на один, Өзің ғана.

19
5
1725

К. Штюрмер: Қазақстандағы машина жасаудың басты тренді – жаһандандыру

Германиядағы Price Waterhouse Coopers агенттігінің үздік халықаралық сарапшысы Кристоф Штюрмер Қазақстанның машина жасаушыларының IV форумы аясында әлемдік автоиндустрияның тәуекелдерін атап өтті. Айтылған әр тәуекел қазақстандық автоөндіріске әсер етеді.

Машина жасаудың басты тренді жаһандану екенін атап өтті .

«Автокөліктердің мегатренді – жаһандану. Қазақстан үлгі болып табылады. Екі онжылдық бұрын ел болмаған, қазір гүлденіп жатыр, жаңа нарықтар даму үстінде. Ал, өндірістік кәсіпорындар нарықта сұранысқа ие», - деді К. Штюрмер.

«Біз қалаларға шоғырландыру әдісін де көріп отырмыз. Қалаға ауылдық жерлерден адамдар шоғырланып жатыр, мен Астана статистикасын көрдім. Қазір Астанада келгендерді қосып санағанда 3 млн адам өмір сүріп жатыр дейді. Демек, екі миллион адам ауылдық жерлерден жиналды. Тұрақтар мен кептеліс мәселесі туу мүмкін. Қалалық қозғалыстың автомобиль құрылымына негізгі болып табылуы мүмкін. Себебі, қоршаған ортаны ластамайтын мобильдік қана емес, таза көлікті міну қажет болады», - деді неміс сарапшысы.

Кристоф Штюрмер келесі тәуекел ретінде демографиялық өзгерістерді атады. Оның айтуынша, көптеген елдерде халықтың қартаю мәселесі тұр, кейбір жағдайда керісінше жастардың  саны қауырт артуда.

Айта кетейік, Астанада Қазақстан машина жасаушыларының IV форумы өз жұмысын бастады. Форум тақырыбы: «Машина жасауды дамыту – бәсекеге қабілетті Қазақстан» деп аталады. Форумға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Мырзахметов қатысып жатыр.Шараға 20 елден келген 180 делегация және қазақстандық машина жасау өнеркәсібіндегі ірі өндірушілер қатысуда. Форумның негізгі мақсаты - отандық машина жасау саласының даму әлеуетін көрсету және әлемдегі өнеркәсіп алыптарын ынтымақтасуға тарту.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
598

Атырау облысы Астанадағы жәрмеңкеге 30 тонна балық өнімін жеткізеді

Атырау облысы Астанадағы жәрмеңкеге 30 тонна балық өнімін жеткізеді, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Наутиев.

17-18 қыркүйек күндері Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты – Атырау облысының Астана қаласындағы күндері өткізіледі.Жәрмеңкеде облыстың 36 тауар өндірушілері қатысып, жалпы көлемі 90,1 тонна өнім шығару жоспарлануда: балық – 31 тн., картоп және көкөніс өнімдері – 38 тн., сүт өнімдері – 4,6 тн., ет өнімдері – 6,3 тн.,  шұжық өнімдері–2 тн.,   консервіленген ет өнімдері– 5200 дана, жұмыртқа – 100 мың,    салат өнімдері – 250 дана, бөдене жұмыртқасы – 7 мың дана.

“Сонымен қатар, жәрмеңке барысында облыстың өнер шеберлерінің концерттік бағдарламасы өтеді. Концертке Жылыой, Махамбет, Мақат аударының шығармашылық ұжымдары, жеке орындаушылар қатысады. Сонымен бірге «Мерует», «Жұлдыз» үлгілі би топтары өз бағдарламасын көрерменге ұсынады”, - А.Наутиев.

Жалпы, Атырау облысы бойынша барлығы 260-қа жуық өнер иелері, 10 шығармашылық топтар осы шараға қатысуда. Атырау облысы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жедел қаркынмен өсіп келе жатқан аймақтың бірі.

Облыстың жалпы өңірлік өнімі осы жылдың 1-ші тоқсанында  1 триллион 177,2 млрд. теңгені құраса, өнеркәсіп өнімінің көлемі 2 триллион 515,6 млрд теңгені құрады.  Аймақта индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 5,1 мың жұмыс орнын құрумен және жалпы құны 2,5 трлн теңгені құрайтын 49 инвистициялық жоба іске асырылуда.

“Негізгі капиталға инвистиция көлемі 53,1%-ға өсіп, 1 093,1 млрд. теңгені құрады.

Осы кезеңге 273,8 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, салыстырмалы кезеңге қарағанда 3,9 % -ға артық. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне мемлекеттік бюджетке 503,5 млрд теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналды немесе болжамға 132,5%,  РБ – 365,3 млрд. (129,9%) ЖБ -138,2 млрд. (140 %)”, - деді ол.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
406

М. Пішембаев: Машина жасаудағы бір жұмыс орны іргелес өнеркәсіп салаларындағы 100 жұмыс орнына тиесілі

Машина жасау саласында ашылған бір жұмыс орны мультипликативтік әсерге ие және ол іргелес өнеркәсіп салаларында 100 жұмыс орнын құру мүмкіндігіне ие, деп «Қазақстан машина жасаушылар Одағы» ЗТБ төрағасы Мейрам Пішембаев Қазақстан машина жасаушыларының IV форумында айтып өтті.

«Біздің шарамызға Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың машина жасау саласының дамуына көңіл бөлетіндігі ерекше маңыздылық береді. Президенттің арқасында еліміздің индустрияландыруында белсенді саясат жүргізілуде және  индустрияландырудың жүрегі машина жасау болып табылады. Машина жасаумен құрылған бір жұмыс орны мультипликативтік әсерге ие және оларда көршілес өнеркәсіп салаларында 100 жұмыс орнын құру мүмкіндігі бар»,-деді ол.

М. Пішембаевтың айтуы бойынша,  Қазақстанда машина жасау өндірісін оқшаулауға мүдделі және үлестерін ұлғайтуда. Өйткені ол елімізде бәсекелестіктің  артықшылықтарын қамтамасыз етеді.

«Қазақстанда толықтырғыш  қосалқы бөлшектерді шығара отырып, біз бәсекеге қабілетті боламыз. Сол себепті мемлекеттің саясаты міндетті түрде бизнестің мүддесімен сәйкес келеді»,-деді ол.

Сонымен қатар, Басқарма Төрағасы машина жасаудың түйінді салаларының бірі ауыл шаруашылығы  машиналарын жасау болатындығын айтты және ол Қазақстан экономикасының маңызды бөлігі.

«Біз аграрлық тарап боламыз. Ауыл шаруашылық машиналарын жасау тек комбайндар, тракторлар, тіркелгіш және тағы басқалармен ғана шектеліп қоймайды. Біздің алдымызға қойған үлкен тапсырмалар бар – бұл барлық өңдеуші технологияларды әзірлеу, жем-шөп өндіру үшін құралдар және т.б»,-деп толықтырды ол.

Айта кетейік, Астанада Қазақстан машина жасаушыларының IV форумы өз жұмысын бастады. Форум тақырыбы: «Машина жасауды дамыту – бәсекеге қабілетті Қазақстан» деп аталады. Форумға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Мырзахметов қатысып жатыр.Шараға 20 елден келген 180 делегация және қазақстандық машина жасау өнеркәсібіндегі ірі өндірушілер қатысуда. Форумның негізгі мақсаты - отандық машина жасау саласының даму әлеуетін көрсету және әлемдегі өнеркәсіп алыптарын ынтымақтасуға тарту.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
404

Қазақстандық автоөндірісте даму күтілуде – Лаврентьев

Мемлекеттің уақытылы қолдауының нәтижесінде қазақстандық автомокөліктер авто нарығында 30 пайызға жетті, деді Қазақстандық автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев.

Қазақстанның машина жасаушыларының IV форумында сөз сөйлеген Андрей Лаврентьев Қазақстандық автоөндірісте  даму күтіліп отырғандығын айтты.

«Барлы күмән келтірушілерге айтатыным, қазақстандық машина жасаудың құлдырауы туралы тұжырымдар тым әсіреленіп жіберілген. 2016 жылы біздің компаниялар қолдан келгендерін жасады. Hyundai компаниясы экспорттық нарыққа шықты, «СИМАЗ» компаниясы  комбайн мен себеттің  локализациялық үрдісін толық аяқтады. Қостанайлық автокәсіпорын – Peugeot автокөліктерін бояу мен Jac автомобильдерінің экспортын қамтамасыз етпек. «АзиаАвто» компаниясы жүзеге асырып отырған толық циклді зауыт ресейлік «АвтоВАЗбен» бірігіп Өскеменде автомобильдерді шығарумен айналысады. Бұл істердің барлығы автомобиль бағасын түсіруге мүмкіндік береді», - деді ол.

Сарапшының айтуынша, зауыттардың басым бөлігі локализация жоспарында өздерінің міндеттерін толық орындады. Қазақстан өнімнің жоспарланған  көлемін орындады, көптеген зауыттар жоспардан асырып орындады.

«Қазақстандық автомобильдердің 30 пайызы ортақ нарық құрылымында. Бұл көрсеткіш бізде бұрын-соңды болмаған  Көрсеткіш 35-40%-ға ұлғаяды», - деді ол.

Айта кетейік, Астанада Қазақстан машина жасаушыларының IV форумы өз жұмысын бастады. Форум тақырыбы: «Машина жасауды дамыту – бәсекеге қабілетті Қазақстан» деп аталады. Форумға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Мырзахметов қатысып жатыр.Шараға 20 елден келген 180 делегация және қазақстандық машина жасау өнеркәсібіндегі ірі өндірушілер қатысуда. Форумның негізгі мақсаты - отандық машина жасау саласының даму әлеуетін көрсету және әлемдегі өнеркәсіп алыптарын ынтымақтасуға тарту.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
398

Тамыз айында Қазақстанда жеңіл машиналарды жасап шығару 4 есеге өсті – Алферов

2016 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша автомобиль өнеркәсібі кәсіпорындарының Қазақстанның ЖІӨ құрылымына қосқан үлесі 42 млрд теңгені құрады, деп «ҚазАвтоӨндіріс» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының» басқарма төрағасы Олег Алферов Қазақстан машина жасаушыларының IV форумында айтып өтті.

«Автокөлік құрылысы» акциясы аясында Одақ басқармасының төрағасы Олег Алферов 2016 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша автомобиль өнеркәсібі кәсіпорындарының Қазақстанның ЖІӨ құрылымына қосқан үлесі 42 млрд теңгені құрағандығын айтты.

«Соңғы үш айда салалық көрсеткіштердің тұрақты қалпына келіп жатқандығын көрудеміз. Тамыз айында Қазақстанда жеңіл машиналарды жасап шығару 4 есеге өсті. Жүк техникасының өнімділігі – 54 пайызға»,-деді ол.

Бағаға сәйкес, Қазақстанның автокөлік нарығының ерекшеліктеріне автомобильдендірудің төмен деңгейі жатады. Баяндамашының айтуы бойынша, отандық автоөндірушілердің маңызды бәсекелік артықшылықтары бүгін олардың шетелдердегі табысты инвестициялық имиджі болды.

Одақ басшысының айтуынша, қазатомөндіріс  жобасының табысты факторлары болып:

1.Жаһандық авто компаниялармен стратегиялық серіктестік

2.Платформаға өткізгіштің жоғары көрсеткіші – автокомпаненттік өндірісті рентабельді оқшаулау үшін сыни қажетті шарттар.

3.Жаһандық технологиялық серіктестермен мақұлданған ЕАЭО елдері мен көршілес аймақтардың  нарығына қолжетімділік  жатады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
822