Мемлекеттің уақытылы қолдауының нәтижесінде қазақстандық автомокөліктер авто нарығында 30 пайызға жетті, деді Қазақстандық автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев.
Қазақстанның машина жасаушыларының IV форумында сөз сөйлеген Андрей Лаврентьев Қазақстандық автоөндірісте даму күтіліп отырғандығын айтты.
«Барлы күмән келтірушілерге айтатыным, қазақстандық машина жасаудың құлдырауы туралы тұжырымдар тым әсіреленіп жіберілген. 2016 жылы біздің компаниялар қолдан келгендерін жасады. Hyundai компаниясы экспорттық нарыққа шықты, «СИМАЗ» компаниясы комбайн мен себеттің локализациялық үрдісін толық аяқтады. Қостанайлық автокәсіпорын – Peugeot автокөліктерін бояу мен Jac автомобильдерінің экспортын қамтамасыз етпек. «АзиаАвто» компаниясы жүзеге асырып отырған толық циклді зауыт ресейлік «АвтоВАЗбен» бірігіп Өскеменде автомобильдерді шығарумен айналысады. Бұл істердің барлығы автомобиль бағасын түсіруге мүмкіндік береді», - деді ол.
Сарапшының айтуынша, зауыттардың басым бөлігі локализация жоспарында өздерінің міндеттерін толық орындады. Қазақстан өнімнің жоспарланған көлемін орындады, көптеген зауыттар жоспардан асырып орындады.
«Қазақстандық автомобильдердің 30 пайызы ортақ нарық құрылымында. Бұл көрсеткіш бізде бұрын-соңды болмаған Көрсеткіш 35-40%-ға ұлғаяды», - деді ол.
Айта кетейік, Астанада Қазақстан машина жасаушыларының IV форумы өз жұмысын бастады. Форум тақырыбы: «Машина жасауды дамыту – бәсекеге қабілетті Қазақстан» деп аталады. Форумға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Мырзахметов қатысып жатыр.Шараға 20 елден келген 180 делегация және қазақстандық машина жасау өнеркәсібіндегі ірі өндірушілер қатысуда. Форумның негізгі мақсаты - отандық машина жасау саласының даму әлеуетін көрсету және әлемдегі өнеркәсіп алыптарын ынтымақтасуға тарту.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz