ru
Мемлекет
Мемлекет
2 220 жазбалар14 тіркелуші
0

ШҚО-да туризмді дамыту саласында күре жолдарды жөндеу басымдылыққа ие – Бейсекенов

2017 жылы Шығыс Қазақстанда Алакөлге апаратын жолға жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланған. Сапалы жолдар туристік нысандарды тартымды және бәсекеге қабілетті етеді.

ШҚО Ақпарат орталығында хабарлағандай, 2017 жылы демалыс орындарына апаратын жолдарға жөндеу жұмыстары жасалатын болады. Солардың бірі, Алакөлге апаратын бағыттағы жол.

Өңір үшін  күре жолға жасалып жатқан жөндеу жұмыстары жол қозғалысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ғана емес, сонымен қатар облыста туризмді дамытуға басым бағыт болып табылады.

Оған дәлел биыл жөнделген жолдар. Олар Сабын көліне, Өскемен-Тарғын-Самараға апарады, сонымен қатар Нұртау шаңғы базасына дейінс  созылған. Сондай-ақ, Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз, Күршім-Қалжыр, Борродулиха-Шемонаиха және Серебрянск қ. кіреберісінің трассалары жасалған.

Осылай, 2017 жылы турнысандар мен демалыс аймағына апаратын  жолдарға жөндеу жұмысы жалғасады.

«Туристік кластерлерді дамыту – бұл өңірге құйылатын жақсы инвестиция. Сол себепті, 2017 жылы Қабанбай ауылынан Алматы облысының шекарасына дейінгі жолды, ал ол Алакөл өзеніне апарады және сол жолдарға жөндеу жұмысын бастаймыз. Ол жолмен Алматыдағы барлық туристер жүреді және еліміздің басқа аймақтары поезбен өтеді. Одан әрі қарай такси немесе автобуспен жетеді. Ең бастысы, демалысқа келгендерге ыңғайлы жағдай жасау керек»,-деді ШҚО-ның Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Берік Бейсекенов.

Сонымен қатар, биыл республикалық маңызы бар жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жасайды: Өскемен-Зырян-Катонқарағай-Рахман кілті, ал 2017 жылы Семейдегі «Ауыл» және Өскемен-Шемонаиха  трассаларындағы «Убаға» жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Алакөлден «Барлық Арасан» санаториіне дейінгі жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Берік Бейсекеновтың айтуы бойынша, 2016 жылы ШҚО-да жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жасау басымырақ болды. Олар 2016 жылы облыстық және аудандық 16 учаскіні қамтамасыз еткен. Жалпы қашықтығы 221 шақырым болды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz