Мазмұнға өту

Жаңа

К.Мәми Ұлттық музейде «Әділет тарихы» бөлімін құруды ұсынды

Астанада Жоғарғы соттың ұйымдастырылуымен «Қазақстанның сот билігі: өткені мен бүгіні» атты тақырыптық көрменің салтанатты ашылуы болды. «Қазақстанның сот билігі: өткені мен бүгіні» атты көрмені Жоғарғы соттың төрағасы Қайрат Мәми ашты. Сөз барысында ол Ұлттық музейде жеке бөлім ашу туралы ойын айтты. «Бұл көрме Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналды, сонымен қатар біздің судьялардың алда болатын VII съезіне арналған. Мақсаты - Ұлы дала аумағында сот төрелігі жүйесін қалыптастыру туралы айту. Экспонаттар, құжаттар, фотосуреттер Ұлттық мұрағаттың қорынан, Президенттің орталық мемлекеттік мұрағаты мен Тұңғыш Президенттің кітапханасынан әкелінді. Көрме барлығына ашық және Тәуелсіздік Сарайында 7 қазанға дейін істейтін болады. Болашақта «Әділет тарихы» атты бөлек бөлім ашу керек. Осындай маңызды…

0
0
394

Құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу «Спруттың шырмауында. Жемқорлық»

2016 жылғы 15 қыркүйекте Егіндікөл ауданы ішкі істер бөлімінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалжол – Честный путь» марафонын өткізу бойынша бекітілген жоспар аясында құқық қорғау органдары  қызметкерлерімен «Спруттың шырмауында. Жемқорлық» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесуге аудан әкімінің орынбасары З.Қ.Жұматова, жергілікті полиция қызметінің бастығы С.Қ.Құсайынов қатысты.

Кездесу барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл мәселенің маңыздылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алудың қажеттілігі туралы бірыңғай пікірге келді.

Іс-шараға 15 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
700

Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Тарих толқынындағы театр шежіресі» атты көрме ашылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіндеМ.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры мұражайының «Тарих толқынындағы театр шежіресі» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады МСМ баспасөз қызметі. Жиында сөз алған Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай 90 жылдық тарихы бар театрдың қазақ руханиятында ерекше орын алатынын атап өтті. «Бүгін бізге Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театр үлкен көрме алып келіп отыр. Көрме Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына және театрдың 90 жылдығына арналған. Біз бұл көрмені бір театрдың тарихы ғана емес, жалпы қазақ өнері мен қазақ интелегенциясының тарихы деп түсінуіміз қажет. Сонау жиырмасыншы ғасырдың басында, дәлірек айтсақ, 1926 жылы Қызылорда қаласында ашылып, «Алтын сақина», «Еңлік-Кебек» пьесаларымен көрерменге ж…

0
0
389

Қ.Мәми Президентке Ұлт жоспарының он қадамы орындалғанын айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Әңгімелесу барысында «100 нақты қадам» ұлт жоспарының іске асырылу мәселелері, сондай-ақ биылғы 8 айдағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары мен Қазақстан Республикасы судьяларының алдағы VII съезіне дайындық барысы талқыланды. Жоғарғы сот төрағасы ұлт жоспарының сот жүйесіне қатысты барлық он қадамы орындалғанын айтты. Ұлт жоспарында көзделген реформалар республиканың сот құрылымын және сот ісін жүргізуді одан әрі жетілдіруге зор серпін берді. Сот сатыларын оңтайландыру сот төрелігіне қолжетімділікті айтарлықтай жеңілдетуге, соңғы шешімді қабылдау уақытын қысқартуға мүмкіндік туғызды. Қ.Мәми 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап соттар бес сатылықтан үш сатылық сот төрелігі жүйесіне к…

0
0
291

Италияда О. Сүлейменовтің «Хат тілі» кітабының тұсаукесері өтті

Порденон қаласында итальяндық «Festa del libro con gli autori» (Авторлардың қатысуымен кітап фестивалі) ірі кітап жәрмеңкесі аясында қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы және мемлекеттік қайраткері Олжас Сүлейменовтің итальян тіліне аударылған «Хат тілі» кітабының тұсаукесері болып өтті. Қазақстанның Италиядағы Елшілігі еліміз Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойы қарсаңында кітаптың аудармасы мен басылуын тарих, мәдениет, әдебиет және филология саласында кітаптарды басып шығаруға мамандандырылған «Сандро Тети Эдиторе» баспа үйімен бірлесіп дайындады. “Кітаптың тұсау кесеріне Италияның өнерпаз және ғылыми зиялы өкілдері, саяси, қоғамдық, іскерлік топтары, итальян университеттерінің профессорлары және студенттері, Италияның ірі кітап баспаларының өкілдері қатысты”, - делінген хабарламада. Атақт…

0
0
387

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жеңісін бағалауды қайта қарау ұсынылды

Бүгiн Мәжiлiстiң жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Үкіметке мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жеңісін бағалауды қайта қарау туралы депутаттық сауал жолдады. «Бүкiл әлемде мүмкiндiгi шектеулi спортшылардың спорттағы жетiстiктерi денi сау адамдардың табысынан әлдеқайда жоғары бағаланады. Өйткенi олар жеңiс жолында тек қарсыластарын ғана емес, ең алдымен, өз сырқатын жеңуге күш салады», - деді А.Перуашев. Депутаттың айтуынша, Олимпиада медалiн жеңiп алған спортшыларға 250 мың АҚШ долларына дейiн сыйақы белгiленген. Ал мүмкiндiгi шектеулi спортшыларға берiлетiн ең жоғарғы сыйақы мөлшерi - 50 мың АҚШ доллары. Бұл денi сау спортшыларға тағайындалған сыйақы мөлшерiнен бес есе аз. «Халықаралық аренада елiмiздiң мәртебесiн асқақтатын мүгедек спортшыларымыз отанында тиiсiнше бағаланба…

0
0
373

Қазақстанда балалардың кейбір сирек аурулары бойынша дәрі-дәрмектерді мемлекеттік реестрге енгізу ұсынылды

ҚР Парламент Мәжілісінің бүгінгі отырысы барысында депутат Зағипа Балиева Үкіметке балалардың кейбір сирек аурулары бойынша дәрі-дәрмектерді мемлекеттік реестрге енгізуді сұрады. Депутаттың айтқандай, «көбелек» балалардың терісі үнемі қабыршақтанып жатады. Ал денедегі жаралар ылғи қанайды. Ондай аурумен туған балаларға арнайы жақпа май мен аса көп таңу материалдары қажет. Ата-аналар соның бәрін сырттан сатып алады. Себебі, біздегі дәрі-дәрмек ем-домға келмейді. Ал шетелден сатып алынатын материалдар мемлекеттік реестрге кірмеген. «Бұдан бөлек, сүйегі жеңіл сынатын «xрустальды» балалардың ауруы жайында бәріміз жақсы білеміз. Олардың ата-аналары балаларын шетелге апарып, әрбір сапарына 1 млн. теңге шығын шығаруға мәжбүр болып отыр. Себебі, олардың дәрі-дәрмектері де мемлекеттік реестрге кір…

0
0
634

«Даму» қоры ШОБ жобалары үшін Еуропа инвестициялық банкінен 200 млн еуро көлемінде несие тартады

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры шағын және орта кәсіпкерлік жобалары үшін Еуропа инвестициялық банкінен 200 млн еуро көлемінде несие тартады, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі. Еуропа инвестициялық банкінің несие желісі «Даму» Қорына акционері - «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің кепілдігімен бөлінеді. Шағын және орта кәсіпкерлікке деген қаражат ұлттық валютамен екінші деңгейлі банктер арқылы беріледі. Бұл – банктер мен кәсіпкерлердің валюталық тәуекелге бас тікпеулеріне қолайлы. ЕИБ қаражаты климат өзгеруінен болатын зардаптарды азайту, электр қуатын үнемдеу, энерготиімділікті арттыру секілді қоршаған ортаны қорғауды мақсат еткен көптеген «жасыл» жобаларға бағытталған. «Бүгінде біздің ел «жасыл» экономикаға өту үшін белсенді түр…

0
0
323

Қазақстан Мәскеуде Smart-city жобаларымен танысты

Астана мен Мәскеу ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру тетіктерін талқылады. Smart-city жобаларын енгізуге және дамытуға баса назар аударылды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған Астананың Мәскеудегі күндері аясында мәскеулік сауда-өнеркәсіптік палатасында Іскерлік ынтымақтастық форумы өтті. Кездесу барысында Мәскеу Үкіметінің министрі, қалалық Сыртқы экономикалық және халықаралық байланыс департаментінің басшысы Сергей Черемин сөз сөйледі. Оның айтуынша, Ресей тарапы Қазақстанның елордасымен қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі. «Астана – қалалық шаруашылық саласында ең озық технологияларды, инвестицияларды тарта отырып, қарқынды дамып келе жатқан жас қала. Бүгінде іскерлік то…

0
0
232

Бюджеттік қаражаттардың қатаң бақылануын қамтамасыз ету қажет – Әбдіқалықова

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Комиссия отырысын ашқан Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы жоспардан стратегиялық дамудың міндеттерін орындауға көшу жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 қаңтарда өткен кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын әске асыру аясында сыбайлас жемқорлық көріністерінің жүйелі алдын алуды күшейту және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінетін бюджеттік қаражаттардың қатаң бақылануын қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті. Отырыс барысында бірқатар мемлекеттік орган мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер…

0
0
259